Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1128 материал табылды

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020

Жамбылда сайлау учаскелері депутаттар сайлауына дайын болмай отыр

Бүгін Жамбыл облысының әкімдігінде Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлау мәселелері бойынша облыстық штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020

Қордай ауданында 22 ауыл газбен қамтылады

Жамбыл облысының Қордай ауданындағы бірқатар ауылдарға газ кіретін болды. Бүгінде аудандағы 22 елдімекенді газбен қамту үшін 11 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2020

Жатақханалардың жайы жақсы болмай тұр

Өңірдегі студенттерді жатақханамен қамту қазіргі кезде ең өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ауылдан мектеп бітіріп, қалаға келген барлық жастың қалада дайын тұрған пәтері жоқ. Ал ақысына пәтер жалдап тұрудың өзі табысы жоқ студент үшін де, ауылдағы ата-анасы үшін де оңай емес екені белгілі. Дегенмен, бүгінгідей білім саласына мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлініп отырған кезде әр өңірдегі жоғары оқу орындарымен қатар, кейбір орта арнаулы білім беру мекемелері де жатақханамен қамтылған. Бірақ өкінішке қарай, Жамбыл облысындағы орта арнаулы білім беретін оқу орындары жатақханасының жағдайы жақсы болмай тұр. Өңірдегі білім саласының басшылары есеп бергенде бәрін керемет етіп көрсеткенімен, іс жүзінде олай болмай шықты. Әсіресе аудандарда орналасқан жатақханалардың жағдайы тіпті нашар.

Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

Жамбылда банк құжаттардың басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетовабаспасөз брифингін берді.

Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

Жамбыл облысында барлық салада оң өзгеріс бар

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференцияға қатысып, өңірдің даму барысы туралы баяндады, - деп жазады Egemen.kz

Руханият • 01 Желтоқсан, 2020

Даланы тербеткен сырлы саз

Ұлы композитор Шәмші Қалдаяқов есімі бүкіл қазаққа ортақ. Жамбыл өңірі үшін де ұлы тұлғаның орны ерекше. Сексенінші жылдардың орта шенінде Жамбыл ауданы, бүгінгі Жалпақтөбе (бұрынғы Дунгановка) ауылында тұрған композитор осы жерде әйгілі «Дүнген қызы» әнін жазған. Ақын Сабырхан Асановтың сөзіне жазылған лирикалық ән бүгінде бүкіл қазақ даласын сырлы сазымен тербетіп тұр.

Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Таразда коронавируспен күресушілерге арналып монумент орнатылды

Коронавирус індетімен күрес кезінде бірінші өзінің емес, өзгенің өмірін сақтап қалуға үлес қосқан азаматтар қандай құрметке болса да лайықты. Олардың ерлікпен тең еңбегі мемлекет тарапынан да бағалануда. Тұңғыш Президент күніне орай, Тараз қаласында коронавирус індетімен күресушілердің құрметіне арналып «Biz birgemiz» монументі бой көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Тұңғыш Президент күніне орай Таразда тұрғындар баспаналы болды

Бүгінде Тараз қаласында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында жаңадан 15-ықшамауданы бой көтеруде. Жыл сайын тұрғын үй кезегінде тұрған жұртшылық баспаналы болуда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай аталған ықшамауданда орналасқан №25 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер кілттерін тапсыру салтанатына арнайы қатысып, баспаналы болған тұрғындарды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 30 Қараша, 2020

Медицина саласына тың серпін береді

Бүгінде коронавирус індетінің алдын алу үшін елімізде тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар қауіпті індетке қарсы отандық вакцина шығару қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Бұл орайда қазір Жамбыл облысында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының жанындағы отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы аталып өтті

Биыл даңқты батыр, ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толып отыр. Кескекті ердің сойындай, кесек бітімді күрделі тұлға оқ пен оттың ортасында жүріп те қазақтың қайсар мінезін, ұлттық болмысын көрсетті. Тіршілікте де тағдырдың сан тарау сынағын бастан өткеріп, өмірін өнегемен өрнектеген тұлғаның есімі қалың қазақпен қатар, кейінгі буын үшін де тәртіп пен тәрбиенің қайнар көзі болып есептеледі. Ұлттың ұстыны болған батырдың торқалы тойы Әулиеата топырағында лайықты деңгейде аталып өтті.