Аймақтар • 10 Сәуір, 2020
Жаңатас қаласы жанданып келеді
Бүгінгі таңда Жаңатас қаласында 23 мыңнан астам халық тұрады. Мұнда 91 көпқабатты тұрғын үй бар. Қазіргі кезде қала халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету тек қалыпқа келтіруге жарайтын үйлерді жөндеу арқылы жүргізілуде.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2020
Жамбыл облысындағы вирус жұқтырған дәрігердің әлеуметтік желідегі өтінішіне байланысты мониторинг жүргізу барысында келесі жайттар анықталды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны коронавирустан жазылып шықты
Осы уақытқа дейін Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырудың 45 дерегі тіркелген болатын. Науқастардың бәрі де бүгінде белгіленген тәртіпке сай ем алуда. Бүгін өңірде Шу ауданының 29 жасар тұрғынының коронавирус індетінен жазылып шыққаны анықталды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында әкімнің орынбасары мен бас дәрігер жазаланды
Жамбыл облысындағы Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаева жуырда Фейсбук әлеуметтік желісіне жазба жариялап, саладағы бірқатар кемшіліктерді айтқан болатын. Сонымен қатар, ол өзінің жазбасында коронавирус індетін жұқтырып, Тараз қаласында ем алып жатқанын айта келе, бұл іске облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов пен аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Жаңыл Шойбекованы кінәлаған болатын.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Сарысу ауданы судан таршылық көрмейді
Ағымдағы жылы Сарысу ауданының екі бірдей ауылы таза ауыз сумен қамтылатын болады. Жаңаталап ауылындағы 104 және Ұйым ауылындағы 133 абонентке «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында су құбыры тартылып, ауыл тұрғындарының ауыз су бойынша мәселелері толық шешіледі.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Жамбыл өңіріндегі дәрігер жазбасына байланысты тексеріс басталды
Жуырда ғана Жамбыл облысы, Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаеваның әлеуметтік желіге жариялаған жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті. Ол өз жазбасында бірқатар мәселелерді көтерген.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Дәрігерлердің жақсы күнге деген сенімі мол
Бүгінде атышулы індет ғаламды ауыр күйге түсіріп, қоғамның қос өкпесін қысып барады. Әлем бойынша сәт санап өршіген қауіпті құбылыс қазақ даласына да жетті. Елімізде індеттің алдын алу мақсатында тиісті шаралар да қабылданды. Өңір-өңірлердегі жағдай да жұртшылықтың алаңдаушылығын тудыруда. Расында бас ауырып, балтыр сыздай қалса, адам бірден дәрігердің көмегіне жүгінеді. Ал бүгінгідей жағдайда әрбір тұрғынға ақ халатты абзал жандардың көмегі тіпті қажет. Науқас жандарды емдеу үшін басын қатерге тіккен барша дәрігерлердің ерлігі бүгінде мемлекет тарапынан лайықты бағалануда.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Тараз қаласында тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды
Тараз қаласында осы уақытқа дейін коронавирус індетіне шалдыққан 86 жастағы әйел анықталған «Қарасу» шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Сарысу ауданы тұрғындарының тілегі орындалуда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды міндеттеген болатын.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Жамбыл облысының аумағына карантин режимі енгізіледі
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында коронавирустың 45 жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде 11 адам шекаралық өткізу пункттерін кесіп өту кезінде, 6 жолаушы Үндістанның Дели қаласынан келген әуе рейсінен анықталған. Тараз қаласында 5 оқиға, Қордай ауданында 18, Меркі ауданында 2, Шу, Мойынқұм және Жамбыл аудандарында бір-бір жағдайдан тіркелген. Қауіпті індеттің алдын алу мақсатында 9 сәуірден бастап Жамбыл облысының аумағында карантин режимі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков мәлімдеді.