Аймақтар • 04 Сәуір, 2020
Таразда Үндістаннан келген 91 қазақстандық карантинге жатқызылды
Кеше ғана «Әулие-Ата» халықаралық әуежайына Дели-Тараз бағытындағы ұшақ келіп қонған еді. Үндістан мемлекетінен Әулиеата аймағына келген әуе кемесінің бортында 106 адам болды. Оның ішінде 91 адам Қазақстан азаматы болса, 15 адам Қырғызстан азаматы екен.
Аймақтар • 04 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жетті
Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша тағы 3 дерек тіркелді. Өкінішке қарай, індет жұқтырғандар саны 9 адамға жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов осы мәселеге байланысты бүгін арнайы брифинг өткізді.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Тараздықтар Халық Қаһарманын еске алды
Бүгін Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасов тірі болғанда 49 жасқа толар еді. Ол 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында орын алған террорлық әрекет салдарынан қаза тапты. Оған сын сәтте көрсеткен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Халық Қаһарманы атағы берілген болатын.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Жамбылдық полицейлер қан тапсырды
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты коронавирус індетінің алдын алуға қолдау көрсету мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қан тапсырды. Полицейлер қан тапсыру арқылы халыққа көмектесуді тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен де көрсетуді өздеріне міндет санапты.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2020
Жамбылда коронавирус жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді
Өкінішке қарай, Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді. Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, науқас Тараз қаласының тұрғыны екен. 69 жастағы азамат ағымдағы жылы 1 сәуір күні індет жұқтырған адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Тәртіп сақшысына қол жұмсаған тараздық тұрғын қамауға алынды
Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы блок-бекетінде короновирустық індеттің таралуын болдырмау мақсатында автокөліктерге тексеру жүргізу барысында, кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы қаласы бағытындағы «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Аталған автокөліктегі жолаушы ер адам заңға бағынбай, полиция қызметкеріне дене жарақатын келтірген. Оқиға 1 сәуір күні болған.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Жамбыл өңірінде көктемгі егіс дала жұмыстары жүргізілуде
Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген. Бүгінге дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын бастап кетті. Биылғы наурыз айының соңындағы облыс аудандарының мәліметі бойынша 93277 гектар жерде көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып, 292035 гектар жер өңделген. Сонымен қатар жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егілген. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар 64,2 мың гектар, қант қызылшасы 7,2 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды деп жоспарланған.
Коронавирус • 02 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында коронавирус бойынша тағы 2 жағдай анықталды
Бүгін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында шұғыл брифинг өткізіп, өңірде коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам анықталғанын жеткізді.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Жамбыл облысында 125 ауыл интернетпен қамтамасыз етілмеген
Ағымдағы жылғы 6 сәуірден бастап еліміздегі мектептер қашықтықтан білім беруге көшеді. Ал бұған Жамбыл облысының дайындығы қалай? Шыны керек, Әулиеата өңірінің көптеген аудан, ауылдарында білім беру саласында мәселелер көп. Тозығы жеткен мектеп, интернетсіз отырған ауылдар, бәрі де білім саласындағы көкейкесті мәселелердің бірі.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2020
Жамбылда тепловизорлар ауруды дәл анықтауға қабілетсіз болып шықты
Бүгінде еліміздің бірқатар өңірлерімен қатар, Жамбыл облысының аумағында да шектеу шаралары енгізілді. Тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда.