Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Қажет шаруаларға қаражат бөлінбеген
Табиғаттың жерүсті және жерасты байлығын тиімді пайдалану бүгінде өзекті болып отыр. Оның ішінде су мәселесі тіршілік көзі, ауыл шаруашылығы саласын алға бастырушы негізгі тетік болғандықтан, маңызы артып тұр. Әсіресе соңғы жылдары елімізбен қатар, су тапшылығы анық байқалатын Жамбыл облысында да бұл өзекті. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суды тиімді пайдалануға байланысты тапсырма берген болатын.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2021
Қазақ тарихында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би сияқты тұлғалардың өнегелі өмірі, ел үшін еткен еңбегі ерен. Туралықтың, әділдіктің жаршысы ретінде де белгілі.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2021
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, өңірдегі әлеуметтік және туристік нысандардың ахуалымен танысты. Әулиеата жеріне жұмыс сапары барысында Қ.Көшербаев Тараз қаласындағы «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағын, «Көне Тараз» және «Тектұрмас» тарихи-этномәдени, үстел теннисі және көркем гимнастика спорт кешендерін аралап көрді.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жылы Қордай ауданының Отар ауылында болып, тұрғындармен кездескен болатын. Мұнда жергілікті жұртшылық көптеген мәселемен қатар, ауылға Мәдениет үйі мен спорт кешенінің қажеттілігі туралы айтқан еді. Сондай-ақ ауылдықтар облыс басшысынан газ мәселесін шешіп беруді де сұраған. Бұл ретте Б.Сапарбаев тұрғындардың өтініші жерде қалмайтынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстар жедел қолға алынатынын жеткізген. Нәтижесінде, Отар ауылына газ тартылып, спорт кешені ашылды.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2021
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілуде
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы «Мамыр» бағында орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту орталығына барып, «Шапағат» корпоративті қорына мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасуға арналған «Инватакси» автокөліктерін тапсыру рәсіміне қатысты.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2021
Газ бен ауыз су тартылып, көшелер жарықтандырылады
Жамбыл облысында бүгінде атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Мұндай жүйелі жұмыстар легі келесі жылы да жалғасын табатын болады. Nur Otan партиясының облыс мәслихатындағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысында көптеген мәселе талқыланып, тиісті шешімдер шығарылды. Жиында партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол карталарының орындалу барысы қаралды.
Қоғам • 07 Желтоқсан, 2021
Былтыр Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынған болатын. Нәтижесінде, аталған бастама өңір тұрғындары тарапынан да қызу қолдау тауып, көптеген мұқтаж отбасы баспаналы болып жатыр.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2021
Жамбыл жастары Елбасы үндеуін қолдайды
Тұңғыш Президент күніне орай М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты жастарға арналған үндеуі бойынша ашық диалог өтті. Шараға қатысушылар әуелі «Елдіктің жеті тұғыры» атты жеті тақырыптағы кітап пен фото, картиналар және жобалар көрмесімен танысты. Сондай-ақ Елбасы туралы бейнероликті тамашалады.
Аймақтар • 29 Қараша, 2021
Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз қаласының бүгінгі келбеті мен шаһардағы сәулеттік өзгерістер көптің көз алдында. Әсіресе тәуелсіздік жылдары Тараздың түрлену кезеңі болды. Көне қаланың өрнегі артып, өрісі кеңейді.
Қазақстан • 22 Қараша, 2021
Жыр алыбы – Жамбылға арналған жиын
Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Тараз қаласында «Ұлы дала ақыны» атты халықаралық конференция өтті. Жиынға арнайы келген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев, еліміздің Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстық әкімдіктің алдында орналасқан Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына тағзым етті.