Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Таразда төтенше жағдай режиміне қарамастан 176 нысан жұмыс істеген
Елімізде орын алып отырған соңғы жағдайлар бойынша бүгінде Тараз қаласындағы ірі сауда нысандарының жұмыс істеу уақытына бірқатар шектеулер енгізілген болатын. Ірі сауда орындары үшін сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, ал киім-кешек базарлары үшін 11.00-ден 17.00-ге дейін шектеу енгізілді. Дәмхана мен мейрамханаларға келушілердің саны 50 адамнан аспауы тиіс және келушілерді қабылдау 22.00-ге дейін жалғасады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Жамбылда 50 мыңнан астам тұрғын пилоттық жобаға қатысуда
Жамбыл облысында тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жоба табысты жүзеге асуда. 50 мыңнан астам тұрғын аталған жобаға қатысуда. Қазіргі уақытта 7,2 миллиард теңгеге ауыл тұрғындарының 2459 өтінімі қаржыландырылған болса, жалпы жоба аясында облыстың 10 ауданындағы 11 ауылдық округтің 7886 ауласы қамтылуда.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Сарысуда ұстаздар мен дәрігерлер аллеясына 8000 түп тал егіледі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тұрғындары ұстаздар және дәрігерлер аллеясын көгалдандыру жұмыстарын бастады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Төрт мыңнан астам ағаш отырғызылды
Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз көшелерін көгалдандыруға көңіл бөлінуде. Табиғаттың тамыры қайта түлеп, күн мен түннің теңелетін шағында өңірде қала аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша көктемгі екі айлық басталды.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Жамбыл облысының азық-түлік қоры 2-3 айға жетеді
Елімізде Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Жамбыл облысының сауда орындары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Соған сәйкес, өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жергілікті, халықтың қажеттілігін 2-3 айға қамтамасыз ете алады.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Жамбылдағы тиісті орындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қауіптің алдын-алу мақсатында бүгінгі таңда Жамбыл облысындағы 138 сауда және 11 ойын-сауық орталықтарына түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек 163 мейрамхана, 301 кафе, 2871 дүкен, 76 монша және 41 базар бар. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров аталған мақсатта өткен жиында хабарлады.
Аймақтар • 17 Наурыз, 2020
Жамбыл облысында коронавирус инфекциясы тіркелмеген
Әлемді шарпыған коронавирус кеселінің алдын-алу мақсатында бүгін Тараз қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз брифингі өтті.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Жамбыл облысы: Карантинде ұстау және емдеу үшін 1040 төсек-орын дайындалған
Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында өткен жедел әрекет ету штабының отырысында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов өңірдегі бес медициналық мекеменің базасында карантинде ұстау және емдеу үшін 1040 төсек-орын дайындалғанын мәлімдеді. Бекітілген алгоритмге сәйкес емдеу мекемелері қажетті мамандармен, медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Бердібек Сапарбаев: Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлсіз
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жедел әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді. Күн тәртібінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2020
Тараз: Қант пен картоп бағасының қымбаттағаны анықталды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы «Корзинка», «Firkan» және «Март Магнат» секілді ірі сауда желілерінің дүкендерінде болып, мұндағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағаларын тексерді.