Руханият • 07 Ақпан, 2020
Таразда Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шараның ашылуы өтті
Биыл хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы елдік деңгейде аталып өтілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қолдау білдіріп, ұлы ақын тойының жоғары деңгейде ұйымдастырылуына мән берген болатын. Осы орайда қара өлең құдіретінің 175 жылдығына арналған іс-шара Әулиеата топырағында да бастау алды. Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде қала әкімдігі, облыстық Білім басқармасы мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Ұлы Абай әлемі – халықтың мәңгілік өшпес мұрасы!» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2020
Аман, Есен, Жүрсін... Елдегі ерекше есімдер
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Дінмұхамед Қонаев ауылының тұрғындары Құрманалиевтер отбасында үшем дүние есігін ашты. Сәбилердің есімін аталары Дәулет жақсылыққа балап, Аман, Есен, Жүрсін деп атапты.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2020
Тараздағы «Тәтті кітаптар» фестивалі
Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары аталған білім ошағында «Тәтті кітаптар» фестивалін ұйымдастырды.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2020
Тараз қаласының әкімі есеп берді
Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қала тұрғындарының алдында есеп берді. Әкім жалпы, жылдың қорытындысы бойынша Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпіліс бар екенін атап өтті.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2020
Бүгінде қоғамға табысты идеяларды қалыптастыра алатын, креативті ойлайтын жастар керек. Бұл орайда Тараз қаласында тұратын талантты жас ғалым Исаак Мустопуло өзінің қарым-қабілетімен ерекше дараланып көрінеді.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2020
Жамбыл облысында басқарма басшысы қамауға алынды
Жамбыл облыстық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Жеңіс Сариев ағымдағы жылы 1 ақпан күні екі ай мерзімге Уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Басқарма басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2020
Жуалылықтар мемлекет қолдауының игілігін көріп отыр
Бүгінде Жамбыл облысында жүзеге асып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы ауыл халқы үшін үлкен мүмкіндік болып отыр.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2020
«Valmont» компаниясы Жамбыл облысында жұмыс істеуге дайын
Танымал «Valmont» компаниясының жаһандық операциялар бойынша вице-президенті Гиллен Роберт Тараз қаласына келіп, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесті. Гиллен Роберт кездесу барысында өздерінің атқаратын жұмыстарының бағыты туралы баяндады. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс атқаратын компания жаңбырлатып суару қондырғыларын шығарумен айналысады.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2020
Апатты мектептерге мән берілсе...
Қазіргі кезде білім саласына деген қамқорлық та жетерлік, соған орай талап та жоғары. Елімізде заманауи талапқа сай салынған білім ошақтарында мыңдаған шәкірт тәлім алуда. Алайда шалғай аудан, ауылды жерлердегі мектеп мәселесі әлі күнге дейін өзекті қалпында қалып келеді. Сол себепті апатты жағдайдағы мектептерді және үш ауысымды оқытуды жою Жамбыл облысының күн тәртібіндегі мәселе.
Аймақтар • 03 Ақпан, 2020
Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана берілді
Бүгін Тараз қаласында жаңадан салынып жатқан 15-мөлтекаудандағы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған 5 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.