Хамит ЕСАМАН
Хамит ЕСАМАН«Egemen Qazaqstan»
1128 материал табылды

Аймақтар • 03 Ақпан, 2020

Жамбыл облысында бірқатар мәселе шешімін табады

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласын аралап, бірқатар мәселені шешуді тапсырды.

Аймақтар • 03 Ақпан, 2020

Мыңбұлақтағы Момыш бұлағы

Мыңбұлақ ежелгі жазба деректерде кездесетін әйгілі мекен. Тарихи деректерге жүгінсек, Мыңбұлақ туралы алғаш рет қытай жиһанкезі Сюань-Цзянның 630 жылы жазылған сапарнамасында кездеседі. Бұдан кейін Мыңбұлақ жайында атақты араб жиһанкездері Убайдаллаһ ибн Хордадбек және Құдама ибн Жафар жазады. Олардың күнделіктеріндегі «Бұл Абарджадж үлкен төбе, оның айналасында мыңдаған бұлақ көздері бар. Олар қосылып бір өзенді құрайды. Өзен шығысқа қарай ағады, оның аты Баркуаб. Бұл сөздің аудармасы «кері бағытта ағатын өзен», деген деректер де Мыңбұлақ мекенінің көне замандардан келе жатқанын аңғартады.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2020

Жамбылдық кооперативтерге жаңа техникалар берілді

Әулиеата өңірінде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» жобасы өңір тұрғындары тарапынан қолдау тауып, жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Аймақтар • 31 Қаңтар, 2020

Айыппұл арқалағандар айылын жия ма?

Сайын даланы мекендеген аңдар мен құстарды қорғау қай кезде де басты мәселе болған. Табиғаттың байлығын талан-таражға салуға ешкімнің де хақысы жоқ. Дей тұрғанмен, былтыр да, биыл да Жамбыл өңірінде табиғаттың тірі байлықтарына залал келтіру толастамай тұр. Әсіресе тұқымы жойылып кету қаупі бар аң мен құсты ату, аулау қылмыс екенін жете түсінбейтіндер әлі де бар. Табиғаттың тірі байлықтарын сақтап қалу қандай қиын шаруа болса, көпшілікке оны түсіндіру де күрделі мәселе.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Тараздағы 15-шағын аудан мәдени-іскерлік орталыққа айналады

Тараз қаласындағы жаңадан салынған 15-шағын ауданы көне шаһардың сәулетін арттырған жобаның бірі. Жуырда ғана мұнда 80 пәтерлі үй өңір тұрғындарына берілген болатын.

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020

Тараздағы жаңа мәдени нысандарды дұрыс пайдалану керек

Өткен жылы Жамбыл облысының құрылғанына 80 жыл толуына орай Тараз қаласының орталығынан «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені ашылған болатын.

Қоғам • 30 Қаңтар, 2020

Екі қытай азаматы тексерілуде

Қытайдан шыққан коронавирус ауруы ел ішінде үреймен қатар түрлі әңгімелерді де тудыруда. Жамбыл облысында да осы уақытқа дейін түрлі әлеуметтік желілер арқылы Шу ауданы теміржолы маңында арнайы киінген қызметкерлердің суреті тараған болатын. Сонымен қатар жіберілген хабарламаларда Үрімжі қаласынан келген Цу Жан Хуй есімді 1972 жылы туған азаматтың мәліметтері жазылған еді. Соңынан Шу ауданына қы­тайлық азаматтардың келгені, олардың жедел респираторлық вирустық инфекциялар күдігімен ауруханаға жатқызылғаны расталды.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Шу ауданында екі қытай азаматы тексерілуде

Қытайдан шыққан коронавирус ауруы ел ішінде үреймен қатар түрлі әңгімелерді де тудыруда. Жамбыл облысында да осы уақытқа дейін түрлі әлеуметтік желілер арқылы Шу ауданы теміржолы маңында арнайы киінген қызметкерлердің суреті тараған болатын. Сонымен қатар жіберілген хабарламаларда да Үрімжі қаласынан келген Цу Жан Хуй есімді 1972 жылы туған азаматтың мәліметтері жазылған еді. Соңынан Шу ауданына қытайлық азаматтардың келгені, олардың жедел респираторлық вирустық инфекциялар күдігімен ауруханаға жатқызылғаны расталды.

29 Қаңтар, 2020

Жамбыл облысында алтын өндіретін зауыт салынады

Неміс инвесторлары Жамбыл облысынан алтын өндіретін зауыт салуға ниетті. Бұл мәселе жөнінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Aurum Deutschland» компаниясының өкілдерімен кездесіп, әңгімелесті. Кездесу барысында қос тарап зауыт жобасын жан-жақты талқылады.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020

Жамбыл облысында бір түнде 206 бас қойды қасқыр қырып кетті

Жамбыл облысында қыс келіп, күн суытқалы бері әсіресе ауылды жерлерге түз тағылары тыным бермей тұр. Осы уақытқа дейін өңірдегі бірқатар шаруашылықтың малы қасқырларға жем болған еді.