Қоғам • 22 Маусым, 2023
Этнолагерь елдік жобаға айналса...
Оқушылардың биылғы жазғы демалысын түпқарағандық ұстаздар тағы да ерекше ұйымдастырып, әрі демалыс, әрі руханиятқа жанашыр бола алды. Қалай дейсіз бе? Жақсылықты жалаң сөздермен баяндағаннан гөрі, әріден бастап, тереңірек талдаумен жеткізбекпіз.
Өнім • 19 Маусым, 2023
Маңғыстау өңірінде «2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жалпы құны 35 млрд теңге болатын 912 жоба мақұлданып, 247 жұмыс орны сақталған, 424 қосымша жұмыс орны құрылды. 2023 жылдан бастап жұмыспен қамту аясында жас кәсіпкерлерге 2,5%-бен несие беру басталған болса, осы бағытқа республикалық бюджеттен 815 млн теңге қаражат бөлініп, 163 жас кәсіпкерге төмендетілген пайызбен несие беру жоспарланды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» қанатқақты бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 1,2 млрд теңге қаражат бөлініп, бағдарлама аясында 237 жобаны қаржыландыру жоспарланған.
Өнер • 05 Маусым, 2023
Ауыл баласы Алдабергеннің есімі ел арасына ерте тарады. «Жайлаудың шебер баласы» атанған Алдаберген тумысынан бойына дарыған шеберлікті кәсіби тұрғыда дамыту үшін мектеп бітірген соң Ақтау қаласындағы Өнер колледжінде «суретші-шебер» мамандығы бойынша білім алды. Арнаулы орта білімнен соң Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «бейнелеу өнері және сызу пәні» мамандығы бойынша бітіріп, туып-өскен Бейнеу ауданының Сарға ауылына келіп ұстаздық қызметке кірісті.
Экология • 04 Маусым, 2023
Бір жылдары қызғылт сары түске еніп тұрғындарды таңғалдырған Каспий теңізінің суы жақында мұнай тәрізді қара түске боялды. Теңіз жағалауындағы шағын аудандардың бірінде тұратын тұрғындар жағаны соққан «қара теңіздің» видеосын әлеуметтік желіге жүктеген.
Байқау • 31 Мамыр, 2023
Бір кездері аналарымыздың қолынан түспеген ұршық бүгінде естелікке, жәдігерге айналып барады. Бұрын қолына ұршық ұстамаған жанды кездестіру сирек болса, қазір ұршықты шырқ үйіретіндерді ауыл-ауылдан іздеп тауып, өзара сайыстыру да қасиетті мұраны жоғалтпаудың, насихаттаудың бір дәлелі.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2023
Жастардың студенттік шағын қызықты, мазмұнды да мағыналы өткізу – Ақтаудағы Есенов университетінің басты ұстанымдарының бірі. Бұған дейін де жаңашыл бастамаларымен қуантып келген оқу ордасында тағы бір тың бастама қолға алынды. Ол – осы жылдың 24 мамыры мен 24 маусым аралығында өтетін жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХІІ жазғы универсиада.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2023
Киелі де қазыналы Маңғыстаудың айнасына айналған облыстық «Маңғыстау» газетінің 50 жылдық және «Маңғыстау-Медиа» ЖШС-ның 10 жылдық мерейтойлары аталып өтті.
Қоғам • 21 Мамыр, 2023
Маңғыстауда «Маңғыстау» газетінің 50 жылдығы тойланды
Облыстың айнасына айналған басылымның жарты ғасырлық мерейтойына Қазақстан республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, еліміздің өзге өңірлерінің баспасөз басшылары мен журналистері келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2023
Тоналған Торыш немесе тылсым тасқа тиіспе!
Адам санасы жетіліп, қарны тойынған сайын рухани тұрғыдан әлсіреп, мәдени жұтаңдыққа барынша бой алдыратын тәрізді. Халық даналығына сүйенсек, «семіздікті – қой, оның ішінде қара қой – көтереді», ал Абайша айтқанда, «тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын». Әрине, ел ішінде шешімін таппай жүрген мәселе көп, бірақ ең басты байлығымыз – тыныштық, бірақ біз осы тыныштықтың қадірін білмей жүрміз бе деп алаңдаймыз.
Қоғам • 16 Мамыр, 2023
Жуырда Бейнеу ауданының Сарға ауылында ауыл тұрғындарын екіге бөліп, айрандай ұйыған халықтың берекетін қашырған даулы оқиға болды. Ауыл ақсақалдарының бірі, Бейнеу аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері С.Жаңбыров Сарға атауын негізсіз жоққа шығарып, «ауыл Сырға деп аталу керек» деген бастама көтерді. Облыстық газетте мақала жариялап, ойдан шығарылған «Сырға әулие» туралы дәлелдеуге тырысты.