Қоғам • 05 Қазан, 2022
Жаяулатқан арбалы жолаушынының Маната асуына ілігіп бара жатқанын көріп, «Ақсақал аман-сау Ақтауға жақындап қалған екен» деп іштей қуанғанмын. Қазақстанның 20 шақты қаласын жаяу басып, Маңғыстау даласында ұлы жолдың үстінде келе жатқан 72 жастағы қарияның жүрісі ширақ көрінді. Өзі ғана емес, сүйреп жүрген арба-жүгі де бар...
Спорт • 04 Қазан, 2022
KWF каратэ-до кекушинкайдан II Азия чемпионаты Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Ауқымды спорт додасының Жаңаөзенде өткізілуі тегін емес, қазіргі таңда 161 487 мың адамға мекен болған мұнайлы қалада спортты дамытуға көңіл бөлінген.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2022
Маңғыстаудағы мәселелердің шешімі қандай?
Маңғыстау күрделі мәселелердің тоғысқан нүктесіне айналды. Кеше ғана Маңғыстау облысының донор аймақ қатарынан сусып төмен түсіп, субвенция алатын облыстар санатына енгені белгілі болды. Бұл – облыс экономикасының барынша нашарлап, өңірдің өз қаражаты өзіне жетпей, аймақта кіріс азайғандығының көрсеткіші. Осы орайда ұзақ жыл өндіріс саласында еңбек еткен, облыс өндірісіндегі, экономикасындағы түйткіл мен тетікті жетік білетін, кезінде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Аманкелді АЙТҚҰЛОВПЕН әңгіме өрбіткен едік.
Қоғам • 27 Қыркүйек, 2022
Жұмыспен қамтуға септігін тигізеді
Өңірде жұмыссыздық – өте өзекті мәселе. Халық санының жылдан-жылға артуы жағдайдың күрделене түсуіне өз әсерін тигізіп отыр. Жұмыс іздеп жүргендерге, әсіресе жастарға қарап құзырлы орындардың жұмыссыздықты еңсеру бағытындағы жұмыстарына сынмен қарайтынымыз рас. Осы орайда Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Шопановты сөзге тартқан едік.
Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2022
Маңғыстау өңірінің қолөнер туындылары өзіндік үлгісімен ерекшеленеді. Бағзыдан мал шаруашылығын басты бағыт еткен өлкеде төрт түлік өнімдерін азық-түлік етіп пайдаланумен қатар, тұрмысқа, тіршілікке қажетті бұйым ретінде тұтыну да кең қолданысқа ие.
Бизнес • 21 Қыркүйек, 2022
Кәсіпкерлік керегесін кеңейткен жобалар
«Жеті лақ» ферма шаруашылығы – өңірдегі ең ірі ешкі шаруашылығы және ешкі сүтінен өндірілетін таза табиғи ферма өнімдерінің бірден-бір өндірістік алаңы. Өз жұмысын жоғары деңгейде үйлестіріп, сапалы тауарымен халық қажеттілігін өтеп келе жатқан «Жеті лақ» фермасы – «Маңғыстау облысы бойынша Қазақстанның үздік тауары» сыйлығының иегері.
Өнер • 14 Қыркүйек, 2022
Бейнеулік мүсінші Болатбектің қиялында сұлбасы қаланып, қолымен сомдалған мүсіндерге қарап, еліміздің ескерткіш, мүсін өнеріне соны леп, жаңа түр, қанық ой мен идея келгендей сезіндік.
Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2022
Контейнерлік кеме алғашқы сапарына жол тартты
Ақтау теңіз сауда портынан қазақстандық контейнерлік жүк тасымалдайтын екінші кеме «Сұңқар» алғаш рет жолға шықты. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі «Сұңқар» кемесі осы уақытқа дейін компанияның мамандандырылған флот қатарында болды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2022
Amanat партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Маңғыстау облысында жұртшылық, ауылдық округ тұрғындары, бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Партия өкілдерінің аймаққа сапары кезінде Amanat-тың сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы да тексерілді.
Бизнес • 22 Тамыз, 2022
Аграрлық несие корпорациясы АӨК субъектілерін қаржыландырудың жалпы көлемінің 40%-дан астамын несие серіктестіктері арқылы рәсімдейді. Ақтау қаласында АӨК несие серіктестіктерінің қауымдастығы мен Аграрлық несие корпорациясы Несие серіктестіктердің IV форумын ұйымдастырды.