Аймақтар • 07 Мамыр, 2021
«Сүлеймен» спорт кешенін сыйға тартты
Тұрғындар саны жыл сайын артып, қанатын кеңге жая түскен Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылындағы тұрғын үйлер мен әртүрлі мақсаттағы ғимараттар қатары 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жаңа әлеуметтік нысанмен толықты.
Туризм • 28 Сәуір, 2021
Теңіз курортын дамытудың іргелі жобалары жүзеге асуда
Кейінгі жылдары өңір ғана емес, ел әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші салаларының бірі болатын туризмді түлету үшін теңіз жағасындағы Ақтау қаласын заман талабына сай жаңғырту күн тәртібіне шықты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы тамыздағы «Ақтау қазіргі заманғы теңіз курортына айналуы тиіс» деген тапсырмасынан кейін Үкімет басшысының қолдауымен аталған мәселеге 17 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстың бірінші кезеңі жүргізілді.
Руханият • 27 Сәуір, 2021
Дүниежүзілік авторлық құқық және кітап күніне орай Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің дәстүрлі «Кітап әлемді бағындырады» акциясы биыл да жалғасын тапты. Білім ордасының 647 оқушысы мен 100-ге тарта мектеп педагогі карантин талаптарын сақтай отырып, құпия достарына кітап сыйлады.
Қоғам • 22 Сәуір, 2021
Маңғыстауда қоқыс мәселесі күрделі жағдайда. Жанашырлықпен назар аударылып, жеткілікті қаржы бөлінбегендіктен, даулы жағдай жылдан-жылға жалғасып келеді. Оның үстіне өңірде құрылыстың қарқынды жүргізілуі мен тұрғындар санының көбеюі қоқыс көлемін арттырып, мәселе қордалана түсуде.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
Апатты үйлерімен аты шыққан Жаңаөзенде «апатты» санатына жатпағанымен, ескі үйлердің де жағдайы жақсы емес. Кейбірінде орын алған оқыс оқиғаларымен бұл үйлер «апаттыға» сұранып тұр деуге де болады. Жуырда мұнайлы қаладан ескі үйлерге жөндеу жүргізу басталды деген жағымды жаңалық келіп жетті.
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Қанатымен су сепкен қарлығаштай...
Қанат Әбдиев – қашанда ел-жұртының жанынан табылып, қанатымен су сепкен қарлығаштай болып жүрген жігіт. Қоғамдағы мүсәпір, шынайы көмекті қажет ететін адамдарды көргенде шыдай алмай, маңына өзі секілді ізгілікті іс жасауды жаны сүйетін жастарды жиып, қалталарынан ақша шығарып, жұмысқа кірісіп кеткен болатын. Еш жерден көмек алмай, өз отбасы, бала-шағаларының аузынан жырып өзгеге көмек беріп жүрген нағыз еріктілер.
Оқиға • 15 Сәуір, 2021
Алтынқазған мен Қарақабақ Маңғыстау археологиясының үлкен жаңалығына жатады
Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының мәлімдеуінше, соңғы бес жылда Маңғыстау аумағында әлемдік деңгейдегі екі археологиялық жаңалық ашылды. Алғашқысы – Алтынқазған жерінен табылған біздің дәуірімізге дейінгі І-VI ғғ. үлкен діни-қабірлеу кешені. Онда зәрдүш және ежелгі көшпенділер дәстүрінде жерлеу рәсімдері өткізілген. Кешен өткен ғасырларда қатты тоналған. Соған қарамастан археологтер элиталық құрбандықтар бөлігін тапты.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Жол жағдайы көпке дейін Маңғыстаудағы өзекті мәселелердің бірі болып келген еді. Бірақ соңғы оншақты жыл көлемінде жүргізілген жұмыстар өңірдің жол сапасын едәуір жақсартты. «Қазіргі таңда көлік жолдарының 80%-ның сапасы жақсы және бұл көрсеткіш көптеген аймақпен салыстырғанда көш ілгері» дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мамандары.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2021
Бейнеудің бәтеңкесі «бренд» болса ғой!
Шетелдіктер ұлтарақтай бөлігін таба алмай, қазақ даласынан келіп тиын-тебенге саудалап өз елдеріне құмырсқаша тасып, кейін өзімізге бағасы аспандап тұрған қымбат тон, аяқкиім етіп қайта сатып жүрген мал терілерін өңдеу, оны кең көлемде кәдеге жарату Қазақстанда шешімін таппаған мәселе.
Қоғам • 19 Наурыз, 2021
Жаңаөзенде оңалту орталығы ашылды
Туғанынан тағдырдың тауқыметін тартып, әртүрлі дерттің тырнағына ілініп жататындар жоқ емес. Қоғамда «мүмкіндігі шектеулі» деп аталатын бұл жандарға, әсіресе, балаларға жағдай жасау – міндет. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Жаңаөзен қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Балақай» оңалту орталығы пайдалануға берілді.