Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Каспий кәсіпкерлік орталығы ашылды
Кез-келген елдің экономикасының негізгі қозғаушы күші, күре тамыры – ол кәсіпкерлік қызмет десек қателеспейміз. Әлемде дамыған елдердің ЖІӨ көлемінің 90% астамын кәсіпкерлік қызмет құрайды. Сол үшін әрбір дамыған және дамушы елдер кәсіпкерлік қызметке аса мән береді. Кәсіпкерлік қызметі, мәдениеті, ойлау жүйесі - ол білім және тәрбие арқылы қалыптасады, дамиды.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Заман талабына сай мамандар даярлау басты назарда
Қазіргі білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті маман дайындау, жастарға пайдалы білім беру, теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту жүйесі және техникалық, кәсіптік мамандар даярлауға айрықша мән берілуде. Өйткені, экономикалық қуаты артқан кезеңде білікті, кәсіби мамандарға біздің өңірімізде де сұраныс жоғары.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2021
Сотталғандар қайырымдылық істен құр қалмайды
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың бірі қайырымдылықпен айналысты. Талап-арызы, қарызы жоқ жұмысқа орналасқан сотталғандар еңбекақысын өз бетінше басқаруға құқылы, деп түсіндіріп өтті ведомствода.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Ақтаудағы тергеу изоляторына есірткі жеткізуге тырысты
Ақтау қаласының ГМ-172/10 мекемесі (тергеу изоляторы) қызметкері, Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесіп, есірткі жеткізуге әрекет жасаған азаматтың жолын кесті.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Маңғыстаудың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында меморандумға қол қойылды
Маңғыстау өңіріндегі экологиялық мәселелерін шешу үшін үш қоғамдық құрылым күш біріктірді. Ақтауда Қаракөл көлінің проблемаларын шешуге арналған дөңгелек үстел барысында «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы, «Экожер» республикалық қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңесі мен өңірлік "Табиғи орта" қауымдастық арасында үш жақты түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Сотталғандардың денсаулығы бақылауда ұсталады
Практикалық қызметте қатерлі топқа жататын созылмалы аурулардың дамуына бейім сотталғандарды дер кезінде анықтау ерекше маңызға ие, бұл олардың арасында ерте мерзімде емдеу және алдын алу іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Ақпан, 2021
Соңғы кездері білім беру саласында ер мұғалімдердің жетіспеушілігі бала тәрбиесіне кері әсер етті деген мәселе қозғалып жүр. Сонау 1990 жылдардың бас кезіндегі орын алған нарықтық дағдарыс білім беру ордаларына үлкен соққы берді. Мектептерде жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие берумен айналысып жүрген ер азаматтардың басым бөлігі өндіріс орындарына бет бұрды. Осы кезде бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігі зор жұмысты мойнына алып қалған және бүгінге дейін талай шәкірттің үлкен өмірге араласуына үлес қосқан әйел мұғалімдердің еңбегі ерен.
• 11 Ақпан, 2021
Жазасын өтеушілер М.Мақатаевтың 90 жылдығын атап өтті
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында лирик - ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың 90 жыл мерейтойына орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Қоғам • 11 Ақпан, 2021
Құс санағы: Қоқиқаздар қайда кетті?
Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақтарының бірі Қаракөл көлінде 55-нші International Waterbird Census (IWC) Халықаралық суда жүзетін және су маңайы құстарының қысқы санағы жүргізілді.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Yessenov University мен «Қаражанбасмұнай» тәжірибеге бағытталған оқытуды жүзеге асырады
Қазақстанда электрэнергетиканың және жаңа технологияның дамуында, бұл салаларға жоғары білімді мамандар өте қажетті болып тұр. Бұл мәселені шешу үшін, қазіргі уақытта университеттерде білікті, қабілетті жас мамандар көптен дайындалуда және болашақ мамандарды керекті біліммен қаруландыру үшін, оларды сапалы оқулықтармен, оқу құралдармен және тәжірибелік біліктілікті қамтамасыз ету керек.