Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1847 материал табылды

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

Ақтау тұрғынына жаңа жылдық мереке қоғамдық жұмысқа тартумен аяқталды

Ақтау қаласының тұрғыны үшін мас күйінде дүкенге бару қоғамдық жұмысқа тартуға әкеп соқты. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті хабарланғандай, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жасаған ескертуіне «А» деген азамат жауап ретінде балағат сөздер айтып, қарсылық көрсеткен. Кейін бұл азаматтың қатты мас күйде екендігі белгілі болды.

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2021

Жаңа жылдың алғашқы 5 күнінде 49 коронавирус жағдайы тіркелді

Маңғыстау облысы бойынша жаңа жылдың алғашқы 5 күнінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 01 Қаңтар, 2021

«XXI ғасырдағы Каспий: аймақтық және жаһандық мәселелер, ынтымақтастық және қауіпсіздік» конференциясы өтті

2020 жылдың 25 желтоқсанында ғылымның жарқын жолында аянбай еңбектеніп, экология саласында талай ғылыми жаңалықтарды паш еткен, профессор, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық Шығармашылық Академиясының мүшесі, еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі және жаңа буын мамандарын даярлауға қосқан елеулі үлесі үшін А. Байтұрсынов атындағы алтын медаль иегері, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің ардагері, тәжірибелі, үздік маман Кенжетаев Гусман Жәрдемұлының 70 жасына орай университет қабырғасында «XXI ғасырдағы Каспий: аймақтық және жаһандық мәселелер, ынтымақтастық және қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Қаңтар, 2021

Қоныс-колониясында Жаңа жыл мерекесі өтті

Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі сотталғандар арасында Жаңа жыл мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 30 Желтоқсан, 2020

Ақтауда ауа неден бүлінді?

Ақтауда ауадан шыққан жағымсыз иіс тұрғындарды бейжай қалдырмады. Әсіресе әлеуметтік желілерде дабыл қаққан көпшілік экологтердің мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыстануына сеп болды. Экологтер уақыт өткізбей иістің қайдан шығып жатқанын анықтау мақсатында өндірістік мекемелердің санитарлық-қорғау аймағынан жоспардан тыс ауа сапасынан сынама алу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Ақтауда азот диоксиді мен метанның шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенін анықтады.

Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2020

Маңғыстауда түзеу мекемесінің психологтары марапатталды

Маңғыстау облысының түзеу мекемелеріндегі психолог қызметкерлер қызметтік міндеттерін адал орындағаны, қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін  ҚАЖ департаменті бастығының грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2020

Ақтауда көпсалалы аурухана салу жобасы талқыланды

2025 жылға дейін Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік қаржысына 20 көпсалалы аурухана салынады. Оның бірі Маңғыстау облысында бой көтереді, деп хабарлады Маңғыстау облысы коммуникациялар орталығы.  

27 Желтоқсан, 2020

Маңғыстауда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау бойынша жиын өтті

Маңғыстау облысында «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтауда медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру» жобасының нәтижелері ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2020

Маңғыстауда экологтар балаларды құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облыстық экология департаментінің қызметкерлері облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында болып,  тәрбиеленушілерді құттықтап, тәттілер мен ойыншықтар тарту етті, деп хабарлайды  Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.

Білім • 26 Желтоқсан, 2020

Ақтаулық оқушылар жолшы мамандығын үйреніп жатыр

Ақтаулық оқушылар жолшы мамандығының қыр-сырын онлайн-сұхбат арқылы танып-біліп жатыр. Ұлттық жол сапа орталығының Маңғыстау филиалы ұйымдастырған танымдық кездесуге қала аумағындағы 26 мектеп түгел қатысты, деп хабарлайды «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі.