Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1798 материал табылды

Аймақтар • 06 Қараша, 2020

Маңғыстау ҚАЖД-інде теолог дәріс оқыды

Ақтауда "Ақниет" ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы" қоғамдық қорының лектор-теологы Асланбек Тыныштықов Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және оған бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында "Күштеп экстремизм. Бейбітшілік пен келісімге жол" атты тақырыпта дәріс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 06 Қараша, 2020

Жануарларға жақсылық жасады

Көмекке тек адамдар ғана емес, жан-жануарлар да мұқтаж бо­­ла­ды. Үйсіз-күйсіз, аш жүрген жануарларға қоршаған орта­дан төнетін қауіп те аз емес. Осы ретте Маңғыстау облы­сын­­­да «Көмек қолы» акциясы қайырымды іске бастамашы бо­­­­лып жатыр.

Абай • 05 Қараша, 2020

Ұлы Абайға арналған мерейтойлық мүшайра өз мәресіне жетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында "Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді", деп атап көрсеткен болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 05 Қараша, 2020

Жұрт тілегі ескерілсе...

Жуырда Ақтау қаласында жаңа мешіт салынады екен» деген ақжолтай хабар тарап, ел-жұрт жадырай қуанды. Қуанатыны – Алланың жердегі үйі саналатын қасиетті мешіт құрылысы қай мұсылман үшін де қастерлі, екіншіден, салынатын жаңа мешіт дін абызы, көп дін мен мың сан дүмшелер арасында «біздің жол қайсы?» деп дағдарған бүгінгі ұрпаққа дәстүрлі дініміздің темірқазығын сілтеген Ержан хазіреттің есімін еншілемек.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта тұр

Маңғыстау облысы коммуникация орталығында өткен брифингте Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Бердібек Саралтаевтың айтуынша, соңғы аптада Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта. 27 қазан мен 2 қараша аралығындағы көрсеткіш бойынша өңірде 30 коронавирус инфекциясы мен 13 пневмония белгісі бар науқас анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Маңғыстауда коронавирус жұқтырған 160 медицина қызметкеріне өтемақы төленді

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына шалдыққан 160 медицина қызметкеріне 320 млн теңге өтемақы төленді. Қауіпті індеттен көз жұмған 8 медицина қызметкерінің жанұясына 80 млн теңге, қосымша 1 қызметкерге жергілікті бюджеттен 10 млн теңге төленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Мал терісінен қолөнер бұйымдарын жасайды

Маңғыстау ауданының Үштаған ауылында қазақ халқының қолөнері мен тұрмыста жиі қолданылатын бұйымдарын жасаудың ерекше үлгісі дамып келеді. Ауылдың байырғы тұрғындары Мұсахан мен Елейхан Егізбаевтар білгендерімен бөлісіп, жастарға үйретіп жүр.

Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Қоғамдық көлік – халық игілігіне

Ақтау қаласының автобус паркі 18 заманауи үлгіде жасақталған қоғамдық көлікпен толықты. Автобустар Қостанай облысының «СарыАрқаАвтоПром» АҚ зауытында құрастырылған.

Медицина • 03 Қараша, 2020

Жаңаөзенде – жаңа ПТР зертханасы

Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың жанынан ПТР зертхана ашылды. Мұнда енді тәулігіне 200-ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаеваның айтуынша, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті мұнай мекемесінен 89 млн теңге бөлінген.

Қоғам • 03 Қараша, 2020

Мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерді кәсіпке баулиды

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі әйелдер мен мүгедек баласы бар аналарға арналған жоба басталды. «Ерекше жандардың сәттілік синергиясы» деп аталатын жоба Орта Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау аясында жүзеге асырылды.