Экономика • 27 Қазан, 2020
Кәсіптің тілін таба алған адам оның тасын өрге домалата алады. Кәсіпті бастамас үшін алдымен қоғамға қандай нәрсе қажет, оны жасай алу мүмкіндігім қаншалықты деген сауалдарды ой тезінен тереңірек өткізу маңызды. Кәсіп бастауға талпынып, бүгінде ісінің жемісін өзі де, өзгелер де көріп отырған көпбалалы ана – Гүлзия Қойлығұлова.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
«Өзіміздің тұмау» өкінтпесін десеңіз...
Әлем елдеріндегі, сондай-ақ республика өңірлеріндегі ахуал секілді Маңғыстауда да соңғы күндері індетке қайтадан «жан біте» бастағандай. Мысалы, 19 қазандағы жағдай бойынша облыста 3 372 адамға коронавирус инфекциясына жүргізілген ПТР-тестілер оң нәтиже көрсетті. Оның 3 282-сі аурудан жазылып шықса, 72 науқас қайтыс болды.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Құлқын құрдымға құлатып тынады
Маңғыстауда салынып жатқан жол құрылыстары туралы әңгіме көп. Беті жылтырағанмен, салынып жатқан жолдардың сапасы сын көтермей тұр. «Парсы кілемі» деп аталған жолдарды асфальтімен қосып тұтас сыпыра көтеріп алуға болатын болса, газ өткелін қақ ортаға алып, сардия қалған түпқарағандық даңғылдың жыры желілерге жүк болды.
Қоғам • 27 Қазан, 2020
Итбалыққа қауіп қайдан төніп тұр?
Қоғамда итбалық мәселесі кеңінен талқыланып жатыр. Итбалық өлексесін кезіктіргендер оның өлімі жағалаудағы адам қолынан болды деген ұйғарымға тоқтайтын болған. Оған себеп – теңіз жағалауындағы бірлі-жарым оспадар әрекет. Шындығында, итбалық өлімі тек жағалауда ма? Жасының жетуі, денсаулығында ақау болу себебіне қоса өз мекені теңізден теперіш көруі де әбден мүмкін.
Аймақтар • 27 Қазан, 2020
Өзіміздің өнімдер де қымбаттап барады
Негізгі азық-түліктің 90%-ы басқа облыстардан немесе басқа елдерден әкелінетін Маңғыстауда азық-түлік бағасы құбылмалы. Құбылмалы болғанда, арзандап жатқан азық байқалмайды, керісінше тиын да болса жамап, қит етсе қымбаттауға бейім тұратыны бар.
Аймақтар • 26 Қазан, 2020
Пандемия жағдайында кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі
Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты экономиканың зардап шеккен секторларын қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы өзгерістер енгізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық сауда және кәсіпкерлік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұқанбетжан Көбеген мәлімдеген. Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізіліп, пайыздық мөлшері 6 пайызға төмендетілді
Аймақтар • 22 Қазан, 2020
Жемқорлықты жою үшін меморандумға қол қойылды
Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Қазан, 2020
Жаңа аурухана мен жаңа көліктер
«Қайта шапқан жау жаман» дегендей, індеттің қайта айналып соғуы мүмкіндігін ескерген елімізде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Егер індет қайта дендесе, оның қалай, қашан, қандай симптомдық өзгерістермен және қаншалықты екпінмен келетінін ешкім білмейді, сондықтан әркім өз деңгейінде, мүмкіндіктерге сай қиындыққа қарсы қамдануы тиіс. Тек қолда бар мүмкіндікті пайдалана алмай қапы қалып жүрмесек болғаны...
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Ақтауда "Интеллект-2020" зияткерлік сайысының жартылай финалы өтті
Ақтау қаласындағы жоғарғы, техникалық және кәсіптік оқу орындары студенттерінің зияткерлігін зерделеп, біліктілігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған сайыс карантин режиміне байланысты “Quizizz” бағдарламасы арқылы онлайн түрде өткен. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігінің "Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы" МДК КММ директоры Дәулет Сағынтаев мәлім етті, деп хабаралйды Маңғыстау облыстық коммуникация орталығы.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Түпқараған ауданында 55 адам қайтарымсыз грант алды
«Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіп ашуы үшін аудан көлемінде 55 азаматқа қайтарымсыз грант берілді.