Гүлайым ДӘУІТБАЙ
Гүлайым ДӘУІТБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1837 материал табылды

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

Әкім есебі: Өтіріктің ұяты, халықтың обалы кімге?

Аңғарғаным – өткен шақ туралы жеңіл айтып, әдемі сөйлеу оңай, әсіресе әкімдерге. Болашақта атқарылуы тиіс, тіпті міндетті жұмыстарды «күтіледі, межеленген, іске асып жатса» деп біту-бітпеуіне өзге түгіл өздері дүдәмал көңілде сүйкей салды сөз саптайтын әкімдердің есептеріне қарасаңыз – «біткен істің міні жоқ, бітірген ердің кемі жоқ». Алайда құйрығы бір-ақ тұтам болып келетін өтірік ақиқаттың айбарына шыдамай қыңсылай қашып, мінсіз есептің абыройын айрандай төккеніне куә болдық.

Қоғам • 24 Қыркүйек, 2020

Шетпеліктер неге шырылдап жүр?!

Маңғыстау ауданының орталығы – Шетпе ауылында қазір экологиялық мәселе ушығып тұр. Батысы мен шығысынан қаптаған карьерлер, солтүстігінен әу баста ауыл тұрғындары үшін салынған, қазір мұнай мекемелерінің де қалдық сулары құйылатын қауіпті кәріз суы орны, оңтүстігінен цемент зауыты ауылдың күнін бір уыс қылғандай қысып, экологиясын бірнеше жыл бойы бүлдірудей-ақ бүлдіріп келеді.

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020

Ізгілікті іске жұмылғандар

Бүгінде қандай шаруаның басы-қасынан еріктілерді кездестіруге болады. Үлкен күшке айналып үлгерген олардың қатары күннен-күнге көбейіп келеді, оған қарап халыққа көмек қолын созуға құштар отандастардың, әсіресе жастардың көп екендігін аңғарасың, аңғарасың да қуанасың.

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша құжат қабылдаудың екінші кезеңі басталды

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ МОФ директоры Медет Әбуғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020

Маңғыстау облысында 2021 жылы екі бағытта ақылы жол іске қосылады

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы филиалының директоры Айбек Әнуарбековтың мәліметінше, келер жылдан бастап, 661 шақырым жолды ақылы ету жоспарланып отыр. Оның бірінші бағыты “Ақтау-Бейнеу”. Екінші бағыт “Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы”.  Осы бағыт бойынша тек ауыр  жүк көліктері ақы төлейді. Көлік дәлізінің тәуліктік қарқындылығы 2500 автокөлік, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2020

Жасыл желекті «жақтырмайтын» Ақтау

Ақтауға ағаш отырғызылып, көгал егілмеген кез кемде-кем. Жыл сайын көктем шыға жерді қопсытып, бұталы өсімдіктерді буду-буда етіп отырғызу – үйреншікті көрініс. Жұмыс жылдар бойы үздіксіз жалғасады, бірақ Ақтау жасыл желек жамылмайды. Неге? Маңғыстаудың шөлейтті климатында ащы сулы теңіздің жағасында ағаш отырғызып, жасылға жан бітірудің «тілін» таба алмадық па? Уақытымен суарып тұрса қаулай құлпырғысы келіп тұрған өскінге мезгілінде су жетпеудің салдары ма?

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Қарақияда полицейлерге планшеттер мен термопринтерлер берілді

Құрық ауылы әкімі аппаратының қолдауымен Қарақия аудандық полиция бөліміне 5 планшет және 5 термопринтер тарту етілді. Бұл туралы Құрық ауылының әкімі Ғабит Салихов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Оқиға • 21 Қыркүйек, 2020

Түрмеде жатып екі жобаның авторы атанды

Ақтау қа­ласындағы ГМ-172/8 қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу­­­ші бірден екі сирек кездесетін жобаны жасақтап шық­ты. Жобаның бірі – адам ағзасын қысқамерзімді оттегімен қанықтыруға арналған болса, екіншісі автокөліктердегі пайдаланылған газды сүзуге арналған құрылғы. Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты жобаларына авторлық құқық алу үшін ол сегіз ай бұрын патенттік бюроға өтініш берді.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Жедел жәрдем көліктеріне ие болды

Маңғыстау медицинасындағы олқылықтардың бірі – жедел жәрдем көлігінің жетіспеуі. Қолда бар арнаулы көліктер жылдан-жылға саны арта түскен тұрғындарға толыққанды қызмет көрсетуге үлгермейді. Оның ішінде жүріске жарамай, істен шығып қалатын көліктер де баршылық.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2020

Маңғыстауда дельтаплан құлады

Оқиға 19 қыркүйекте Қарақия ауданында Шопан ата киелі орнына барар жолда орын алған. Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты дағдарыс жағдайларының басқармасына дельтаплан атты моторсыз ұшатын аппараттың құлағаны жайлы хабарлама келіп түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады.