Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Ақтауда мал сою пункттері күніне 2 рет дезинфекциялануда
Төтенше жағдайға байланысты Ақтау қаласындағы барлық мал сату және сою пунктерінде, базарларда күніне екі рет санитарлық-дезинфекциялық жұмыстары жасалынады. Есік тұтқаларына, еденге, кіреберістерге хлор препараттарымен тазалық жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Ақтауда турфирмалар тұтынушыларына туристік жолдаманың қаражатын қайтарады
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқарма басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадіров хабарлады.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Маңғыстау: Ірі компаниялар онлайн жұмысқа көшірілді
Сонымен қатар Маңғыстауға шетелдік жұмысшылардың келуіне тыйым салынды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының инвестиция және туризмді дамыту басқарма басшысының орынбасары Талғат Әбдіқадіров хабарлады.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Маңғыстаулықтар adaldyqjolymen челленджін қолдауда
Наурыз айында республика деңгейінде #adaldyqjolymen челленджі басталды. Белсенді әлеуметтік желі қолданушылары адалдық, парасаттылық, әділдік тақырыптарында видеороликтер түсіріп, адамгершілік құндылықтарын алдыңғы орындарға шығарды. Республикалық эстафетаны Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті қолдады, деп хабарлайды аталған департаменттің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Ақтау әуежайында барлық халықаралық әуе рейсі уақытша тоқтатылады
Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Ақтау: Төтенше жағдайға байланысты енгізілген тәртіпке бағынбаған кафе иесіне хаттама толтырылды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның барлық аумағында 2020 жылдың 16 наурыз сағат 08.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 07.00-не дейін төтенше жағдай енгізілді.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2020
Кәріз суы ма, жер асты суы ма?
Маңғыстауда Каспий теңізі мен су айдынына қатысты алуан мәселе оқтын-оқтын бой көрсетіп келеді. Ақпан айында суы қызыл түске еніп тұрғындарды бір дүрліктірген теңіз жағалауында көктемде тағы бір мәселе «бас көтерді». Бұл – жағалаудағы ғимараттар маңайын су басуы. Мұны тұрғындар теңіздің суы емес, кәсіпорын, мекемелердің кәріз суы деп қабылдады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған маңғыстаулық 14 адам үйлеріне оралды
Маңғыстау облысы бойынша Криминалдық полиция басқармасының қылмыстық іздестіру қызметкерлері 2020 жылдың 18 және 19 наурыз аралығында «Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізеді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Ақтау: Қоғамдық көліктер екі сағат сайын тазаланып жатыр
Ақтау қаласында алты бағыт бойынша 70-ке жуық қоғамдық көліктерге дезинфекция жұмыстары күнделікті әр екі сағат сайын жүргізілуде. Тазалық жұмыстарын көлік жүргізушілері мен жолсеріктер хлор препараттарын қолданып істейді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Наурыз, 2020
Жаңаөзенде полицейлер мұнай мекемесі басшыларымен кездесті
Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасында мұнай ұйымдарының, кәсіпорындардың басшыларымен кездесу өтті. Мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы заңды түсіндіру. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.