Оқиға • 11 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архиві өткен жылы ғасырлық мерейтойын атап өткен болатын. Осы тойдың тәбәрігі ретінде жақында архив қорында сақталған құнды құжат мәліметтері жинақталған 5 кітап баспадан шықты.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстан облысында тасқын су әбігері басталғалы өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты «Достық үйі» де қарбалас қимылға көшкен. Бір бөлме тасқын судан зардап шегушілерге арналған гуманитарлық көмек жинайтын қоймаға айналыпты. Мұнда қазір «Жүректен – жүрекке!» атты акция өтіп жатыр.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Батыс Қазақстанда 33 шақырым бөгет тұрғызылды
Президент тапсырмасына сәйкес бірнеше күннен бері Батыс Қазақстан облысында жүрген Премьер-министрдің орынбасары Н.Байбазаров пен өңір басшысы Н.Төреғалиев облыстың су басқан аймақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
БҚО: су қоймалары 72%-ға толды
Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 581 үй, 427 саяжай су тасқынының астында қалды. Сәуір айының 9-ы күнгі мәліметке қарағанда, өңірде 7125 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың 1523-і эвакуациялық бекеттерді паналаса, 5602 адам туған-туыстарында тұрып жатыр.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Тасқыннан болған ақау жедел жөнделеді
Елімізді біраз әбігерге салып жатқан көктемгі су тасқыны Батыс Қазақстан облысында да біраз электр, газ желісін бүлдіріп үлгерді. Алайда арнайы қызмет өкілдері апатты барынша жедел қалпына келтіріп жатыр.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Алатоодан Ақжайыққа жеткен көмек
Бауырлас Қырғыз елінің гуманитарлық көмегі Ақжайық өңіріне де жетті. Сәуірдің 6-ы күні Қырғызстаннан шыққан 15 көлік су тасқынынан зардап шеккен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан өңіріне бөлінген еді.
Балалар • 10 Сәуір, 2024
Зардап шеккен 185 бала лагерьге барады
Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде «Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады» деген еді. Осы тапсырмаға сәйкес, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасы балалары республикалық сауықтыру лагерьлерінде демалатын болды.
Оқиға • 09 Сәуір, 2024
«Ақжайық» қоры 80 млн теңге қаражат жинады
Батыс Қазақстан облысында тасқын су зардабын жою мақсатында өңірдің үкіметтік емес ұйымдары, соның ішінде «Батыс Қазақстан облыстық азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі «Ақжайық» қоры арқылы қаражат жинай бастаған еді. Алғашқы он күн ішінде 80 815 939,1 теңге жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 09 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Қаратөбе ауданында су тасқынынан зардап шеккен Аққозы аулы тұрғындарымен арнайы кездескен еді. Сол тарихи кездесудің келесі күні аққозылықтарға алыстағы Алматы мен Тараз қалаларынан үш «ГАЗел» жүк көлігімен гуманитарлық көмек жетті. Қайырымдылық керуенін бір аптадан бері өңірде жүрген Мәжіліс депутаты Абзал Құспан бастап барып, тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға табыс етті.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
БҚО: сібір жарасынан қауіп жоқ
«Батыс Қазақстан облысында сібір жарасына шалдыққан жануарлар көмілген жерлер тасқын су астында қалып, айналаға қатерлі дерт таралу қаупі туды» деген ақпарат тараған еді. Осы оқиғаға орай тиісті мекеме басшылары түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.