Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1292 материал табылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2022

Ерлердің рухына бас иді

Қазақстан аумағында жа­рия­ланған Жалпыұлттық аза тұту күні оралдық аза­­маттар жазықсыз қаза болған құрбан­да­рына тағзым етті.

Аймақтар • 08 Қаңтар, 2022

Оралда граната мен оқ алып келе жатқан автокөлік ұсталды

«Елде жарияланған коменданттық сағат режиміне қарамастан түн ішінде жұмыс істеген Орал қаласындағы Эль-Плаза барының иелері тұтқындалды. Тағы бір көліктен граната табылды» деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.

Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022

Теректінің үздік ауылы көлікті болды

Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында «Үздік аула» және «Үздік ауыл» жобасы қорытындыланды. Аудандағы 15 округ ішінен үздік шыққан Ақжайық ауылы әкімдігіне су жаңа «Газель» көлігі табыс етілді.

Аймақтар • 01 Қаңтар, 2022

Сөйлейтін кітап

Батыс Қазақстан облысында «Орал қаласының тарихы» атты жаңа танымдық ақпараттық интерактивті кітабының таныстырылымы болды.

Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021

Жайық жағасындағы өнер тойы

2021 жылдың соңғы аптасы Батыс Қазақстан облысында қазақы сөз өнерінің жалауы биік желбіреген күндер болды. Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығының үшкүндік шаралар тізбегі жырсүйер, өлеңсүйер қауымды тәнті етті.

Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021

Жаннұрдың мұнарасы

Тәуелсіздік мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді.

Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2021

Президент тартуы

Батыс Қазақстан облысында жел­тоқсанның 16-17-сі күндері 72 сәби дүниеге келді. Тәуел­сіздіктің 30 жылдығы құрметіне Пре­зидент атынан оларға арнайы сыйлық табыс етілді.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2021

БҚО Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылды

Тәуелсіздік күні мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы Ақсуат ауылында ұялы байланыс жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары үлкен қуанышқа бөленді, деп жазады Egemen.kz.

Елбасы • 15 Желтоқсан, 2021

Елбасының тағы бір ерлігі туралы

1991 жылы Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеп жүріп Таулы Қарабақтағы «ыстық нүктеге» тап болған, ол аздай армян жасағының тұтқынына түсіп, ауыр азап шеккен Бауыржан Досқалиевтің тағдыры біздің газет оқырмандарына таныс шығар. Осыдан бір жыл бұрын жарық көрген «Қап тауындағы тұтқын» (https://egemen.kz/article/256777-qap-tauyndaghy-tutqyn) атты мақаламыз әзербайжан елінің ақпарат құралдарына да жария­ланып, екі елге қатар танылған еді. Сол батыр Бауыржан жақында тағы хабарласты. «Біз, «Таулы Қарабақ ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің 100-ге тарта мүшесі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қарабақ соғысының ардагері» деген атақ беруді және тиісінше мемлекеттік марапатқа ұсынуды сұраймыз!» дейді бірлестік төрағасы.

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2021

Алғашқы қорытынды: екі жинақ әзір

Батыс Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі жұмыстың алғашқы қорытындысы шығарылды. Жақында баспадан екі жинақ жарық көрмек.