Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1350 материал табылды

Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

Оралда ұшақ құлады

Бүгін, яғни 2020 жылғы 28 тамыз күні сағат 08.30-да Орал қаласы маңындағы "Казинско" бау-бақша бірлестігі аумағында қолдан жасалған бір адамдық ұшу аппараты құлап түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 18 Тамыз, 2020

Қос аудан «Қаһарман» атана ма?

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығын атап өттік. Әсіресе, сол бір қиын жылдардың бедеріне бүгінгі тәуелсіздік тұрғысынан қарау басым болды. Ол дұрыс та.

Руханият • 13 Тамыз, 2020

Жамантауды жоғалтып алмайық

Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында ресми карталарда Кіші Боғда, халық арасында Жамантау аталатын ерекше жер бар. 1946 жылы КСРО Қарулы Күштері мемлекеттік орталық полигоны құрамына алынған сәттен бастап нысана ретінде бомбаның астында қалған Жамантау 2017 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге сәйкес сынақ аумағынан шығарылып, Қазақстанға қайтарылған болатын. Бірақ қуануға ерте екен. Жамантау мүлдем жоғалып кеткелі тұр...

Оқиға • 11 Тамыз, 2020

95 жасында куәлік алды

Орал қаласында тұратын соғыс ардагері Ибат Абдолов ақсақал жақында 95 жасқа толды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлері ардагердің үйіне барып, жаңа төлқұжатын табыс етті.

Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Бір айда 20 млн теңге айыппұл

Батыс Қазақстан облысында 5 шілде-5 тамыз аралығында карантин талаптарын бұзған заңды және жеке тұлғаларға салынған айыппұл 20 млн теңгеден асқан деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең қысқа әңгіме • 07 Тамыз, 2020

Нұрпейісовтің ордені

Жақында белгілі қаламгер Уәлихан Қалижан әлеуметтік желіде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы естеліктер сериясын жариялады. Соның бірі «Соғыстан қалған бір де бір медалім жоқ» деп аталады екен.

Видео • 06 Тамыз, 2020

Ханкөлдің аспанында «ұшқан адам»

«Осыдан он шақты күн бұрын, дәлірек айтқанда 23 шілде сағат 12:37 шамасында Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының маңында тылсымға бергісіз оқиға болыпты», деп хабарлады оралдық әріптесіміз, өлкетанушы Нұртас Сафуллин.

Білім • 04 Тамыз, 2020

Батыс Қазақстанда 17 мыңнан аса оқушы оффлайн оқығысы келеді

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева алдағы жаңа оқу жылының ерекшеліктері, оған дайындық туралы айтып берді деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 04 Тамыз, 2020

Қоқысты қайта өңдеу Батыс Қазақстанда қашан жолға қойылады?

Батыс Қазақстан облысында жиналып қалған тұрмыстық қалдықтардың көлемі 6,3 млн тоннаға жеткен. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде жылына 108 мың тонна тұрмыстық қатты қалдық пайда болады.

Руханият • 04 Тамыз, 2020

Бисеновтер тағдыры

Бұл әулеттің басына бақ та қонды, қара бұлт та үйірілді. Арғы бабасы – заманында 12 мың жылқы біткен, Кіші жүздегі байтақ Байұлының бас старшыны атанған Есенгелді тархан Жанмырзаұлы. Жанмырзадан тараған Итемген, Сүтемген ұрпақтарының ішінен де талай мықты шыққан екен. «Далалық Ромео мен Джульетта» атанған Бекей мен Мәуләнаның тағдырын 1833 жылы осы аттас повесіне арқау еткен орыс жазушысы Владимир Даль ол шығармасын 1845 жылдары француз тілінде Парижде жариялап, Есенгелді бай мен оның ұлы Бекейдің арасындағы трагедияны әлемге паш еткен екен. Оның өзі жеке мақаланың тақырыбы...