Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Алматы облысынан қатынап жұмыс істейтіндер карантин кезінде Алматыға кіре алмайды

Алматы облысынан қатынап жұмыс істейтіндер карантин кезінде Алматыға кіргізілмейтін болады. Алматы әкімдігінде өткен брифингте осылай деп мәлімдеген қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев компаниялар өз қызметкерлері үшін қала ішінен тұрғын-жай қарастыруы қажеттігін айтты.

Саясат • 18 Наурыз, 2020

Халықтық IPO һәм биржа (Отандық қор нарығында табыс табудың қандай жолдары бар?)

Орталық Азия аймағында алдыңғы қатарлы бир­жалардың бірі саналатын «Қазақстан қор биржасының» Орталық депозитарийінде жеке тұлғалардың есеп шоты 118 773-ті құрап, өт­кен жылдың бастапқы кезеңімен салыстырғанда 1 949-ға артқан. «Қазақ­стан қор биржасы» АҚ төр­айымының орынба­сары Андрей Цалюк жур­налистермен есепті кез­десуінде осындай мә­лі­меттерді алға тартты. Бир­жа деректері бо­йын­ша ақпан айында KASE сауда-саттығы­ның жиын­­тық көлемі 10 252,9 млрд теңгені құрап отыр. Ал қаңтар айымен салыс­тырғанда 12,2 па­йызға, яғни 1 115,2 млрд теңгеге өскен.

Әлем • 17 Наурыз, 2020

«Яндекс» коронавирустың таралуына қатысты онлайн-карта шығарды

«Яндекс» картасы әлем бойынша коронавирустың таралу белсенділігін көрсетеді. «Яндекс.Карты» COVID-19 коронавирусына бөлім арнай отырып, онда «Роспотребнадзор» мен Джонс Хопкинс университетінің мәліметтерін ұсынады.

Коронавирус • 17 Наурыз, 2020

Балаларда коронавирустың белгілері бірден байқалмайды

Қытай ғалымдары балалардың жасырын вирус тасымалдаушы екенін мәлімдеді. Коронавирусқа шалдыққан балаларда вирустың әлсіз белгілері ғана пайда болады.

Әлем • 17 Наурыз, 2020

Америка ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізді

Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Research Institute зерттеу орталығының ғалымдары жүргізген сынаққа 45 ерікті қатысты. Олардың әрқайсысына вакцина екі реттен салынатын болады. Препаратты қабылдау аралығы 12-18 ай. Препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау үшін бірқатар зерттеу және сынақ шаралары жүруі қажет, делінген Associated Press мәліметтерінде. Сарапшылардың пікірінше, вакцинаны бір жарым жылдан кейін ғана пайдалану мүмкін.

Білім • 17 Наурыз, 2020

«Дарын» платформасында бір ай тегін білім алуға болады

Елімізде коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдайлар кезінде мектеп жасындағы балалар қашықтықтан білім алуда. Осы бір ай мерзім аралығында «Дарын» онлайн платформасы оқушылар үшін білім беру бағдарламасын тегін ұсынады.

Әдебиет • 17 Наурыз, 2020

«Алтын қалам» үздік шығарманың авторына 1 000 000 теңге сыйақы тағайындады

Жаңа маусымын бастаған «Алтын қалам» әдеби жүлдесі қалың көпшіліктің назарын кітап оқу ісіне аудару мақсатында «Алтын қалам 2020» әдеби жүлдесі - «Үздік қазақ романына» бәйге жариялады.

Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын жалғастыруға мүмкіндігі бар

Елімізде 7 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қолданысқа енді. Заң шеңберінде қосымша нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. Оның ішінде тұрғын үйге қатысты 3 қаулы және 17 бұйрық, жалпы саны 20 құжат дайындықта. Құжаттар наурыз айының соңына дейін бекітіледі.

Экономика • 17 Наурыз, 2020

Онлайн бақылау-кассасына балама әдістер қарастырылуда

Қаржы министрлігі ағымдағы жылдың соңына дейін онлайн бақылау-кассалық машинасына (онлайн БКМ) балама ретінде дара кәсіпкерлерге (өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға, салық төлеушілерге, патент бойынша жұмыс істейтіндерге) арналған тегін мобильдік қосымша әзірлеуге ықпал ететінін мәлімдеді делінген ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Білім • 17 Наурыз, 2020

Ата-аналар балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауы тиіс

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейту туралы фейсбук әлеуметтік желісінде жазбасын жариялады. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттеді. Президент тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда, делінген.