Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Құрлық әскерлерінің Әскери институтында жана оқу жылы басталды
Құрлық әскерлерінің Әскери институтына биылғы оқу жылында 800 талапкерден 280-і озық шығып, жас курсанттар оқуға кірісіп кетті. Институттың Баспасөз қызметінің маманы Аида Бектұрованың айтуынша, құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындауға маманданған оқу орнында жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша 11 мамандық бойынша офицерлер дайындалады.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
Алматы Орта Азияның бизнес-хабына айналады
Президент Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың негізі екендігі айтылды. Әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Оның нәтижесінде тұрақты жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азаяды.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
Алатаудың етегінде аспанмен таласқан зәулім үйлердің тасасында тарихы ерекше қараша үй бар. Аядай ғана аулада орналасқан темір көрікте жарты ғасырға жуық болат балқытып, теміршілік өнерді кәсіп етіп келе жатқан ағайынды ұсталар Махмұт, Айтберген, Тұрсынжан Құлментегілердің шеберлігіне бүгінде шартарап тәнті. Кәсібінен пайда табуды емес, атакәсіпке адалдықты місе тұтқан шеберлер темір балқытып, бұйым жасаумен қатар оны ғылыми тұрғыдан зерттеумен де айналысып келеді.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2019
Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы Президенттің Жолдауына қолдау білдірді
Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы алғашқы Жолдауы тыңдалды. Ол ел дамуының негізгі бағдарламалық құжаты болып табылады. Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы Елбасының бұл үндеуіне үлкен қызығушылық танытты.
Қоғам • 03 Қыркүйек, 2019
Руханият • 02 Қыркүйек, 2019
«Менің Әуезовым» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына арналған байқау өтеді
Рухани жаңғыруымыздың бір дәлеліндей жастар мен жасөсіпірімдер бойында мәдениетімізді, тарихымызды, әдебиетімізді кеңінен насихаттау мақсатындағы игі шара мектеп оқушылары арасында басталмақ. Аталған тақырыптағы байқау М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан 2012 жылдан бері дарынды оқушылар арасында ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі байқаудың мақсаты - Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын жастар арасында насихаттау, жасөспірімдерді көркем әдебиетке баулу, ғылыми зерттеу жүргізудің дағды-машықтарын қалыптастыру және мемлекеттік тілді дамыту.
Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2019
Қаланың қауіпсіздігіне кім жауапты?
Алматы полициясы қала көшесінде үш адамды автокөлікпен қасақана қағу қылмысына қатысты азаматтардың үстінен іс қозғап, қазіргі кезде еліміздің Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 345-бабы 2-тармағы және 347-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Алматы тұрғындары құқықтық кеңес алды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ата Заңның пәрменін арттырып, еліміздің негізгі құжатының маңызын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында еліміздің Конституциялық Кеңесі өткізген «Негізгі Заң апталығы» аясында Алматы қаласының Әділет басқармасы қала тұрғындарының құқықтық маңызы бар сұрақтарына жауап берді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Отбасы құндылықтарын насихаттайтын «Бақытты отбасы» байқауы өтті
Отбасы құндылықтарын насихаттау, отбасы институтының жұмысын жетілдіру мақсатында Алматы қаласының Әділет басқармасында «Бақытты отбасы» байқауы өтті.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Бейжің көрмесінде қазақстандық ғалымның еңбегі таныстырылды
Әлемдегі ең ірі Бейжің халықаралық кітап көрмесінде 300-ден астам отандық кітаптар қойылды. 1986 жылдан бері тұрақты өтетін Бейжің халықаралық кітап көрмесі баспа және полиграфиялық индустрия саласындағы жетекші платформа ретінде әлемнің жүзден астам елін өз алаңына топтастырды. Онда 2,5 мыңнан астам экспозиция қойылып, оның ішінде «Қазақ университеті» баспа үйі ұсынған университет ғалымдарының 300-ден аса ғылыми еңбектеріне қызығушылық танытқандар қатары көбейді.