Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1863 материал табылды

Руханият • 24 Шілде, 2019

Алматыда «Мәміле» пікірталас клубы таныстырылды

Алматыда Ұлттық кітапханада рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында құрылған «Мәміле» пікірталас клубы таныстырылды.

Руханият • 22 Шілде, 2019

Ассамблея жастары хакім өлеңдерін оқыды

Алматыдағы Достық үйін­­де Қазақстан халқы Ас­сам­­­блеясы төрағасының орын­басары – Прези­дент Әкімшілігі ҚХА хат­шы­­лығының меңгеру­шісі Жансейіт Түймебаев қа­зақтың ұлы ақыны Абай Құнан­баевтың 175 жыл­ды­ғына арналған Абай өлең­дерін оқу эстафетасына қа­тысушылармен кездесті.

Қазақстан • 22 Шілде, 2019

Күтім болмаса, топырақ та тозады

Жер байлығына деген тұтынушылық көзқарастың салдарынан адамзатқа ортақ игіліктің жылдан-жылға құнары азайып барады. Бұл проблема біздің елімізге де қатысты. Күні кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаевтың «Тағы бір өзекті мәселе – жерді тиімді пайдалану» деп, осы тақырыпқа арнайы тоқталғаны белгілі. Себебі бар жерді тиімсіз пайдаланудың экономикалық зияны да шаш етектен.

Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Алматыда Jinalikе жобасының таныстырылымы өтті

«Ғылым қоры» АҚ Басқарушы директоры Ләззат Молдабаева бүгінде ғылымды коммерцияландыру бағытында қор тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп, соңғы үш жылда тың жобалардың жүзеге асқандығын жеткізді.

Қазақстан • 18 Шілде, 2019

Алматыда «Іскер ана» жобасы жүзеге асады

Алматыда тұратын көп балалы аналар енді тұрғылықты жері бойынша көмекке жүгіне алады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы көпбалалы аналармен кездесіп, олардың көкейтесті мәселелерін тыңдады.

Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматы әкімі «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау барысын талқылады

Қала әкімдігінің мәліметтері бойынша, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» холдингі басшыларымен бизнесті қолдау және дамыту, инвестиция тарту мен экспорттық әлеуетті күшейту шараларын негізге алды.

Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Алматыда жас кәсіпкерлер жобасы басталды

«Атамекен» ҰКП еліміздің барлық өңірлері бойынша 17 шілдеден бастап «Жас кәсіпкер» жобасын жолға қойды. Мақсатты аудиториясы NEET санатындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 бен 29 жас аралығындағы еңбекке жарамды мүгедектер. Жастарды кәсіпкерлік қызметке жаппай тарту, кәсіпкерлік идеяларды іріктеу және қолдау, бизнес жүргізу үшін практикалық оқыту және дағдыларды игеру, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дәріптеу, ауылда және қалада бизнес ортаны қалыптастыруды мақсат ететін жоба аясында жастар кәсіпкерліктің әліппесін танып, бизнес дағдыға машықтанатын болады. Өз бизнесін ашуға және грант түрінде бастапқы 200 АЕК (505 мың теңге), жеңілдетілген несиені жылдық 6 пайызбен 8000 АЕК-ке дейінгі жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді.

Экономика • 18 Шілде, 2019

Шикізатты қорғау – жеңіл өнеркәсіпті қолдау

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қарапайым заттар экономикасын дамыту мәселесінде мақта-мата, яғни киім-кешек өндірісі мүмкіндіктері әлі ашылмай жатқанын сынға алған болатын.

Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев депутаттармен әлеуметтік жағдайларды талқылады

Алматы мәслихатының депутаттарымен кездесуде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бірінші жартыжылдықтағы міндеттер мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар барысын қамтыды.

14 Шілде, 2019

Көрісу дәстүрі мерекелік күнтізбеге ене ме?

Осы сұрақты арқау еткен дөңгелек үстел Алматы музейінде өтті. Көрісу дәстүрін еліміздің мерекелік күнтізбесіне енгізуді талқылау барысында ғалымдар өзіндік ой-пікірлерімен бөлісіп, аталған дәстүрдің ерекшеліктеріне тоқталды.