Аймақтар • 04 Қараша, 2021
Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш орнатылды
Ұлттық ғылым академиясының дербес шаңырақ болып құрылуына, еліміздің білім мен ғылым саласының өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист Нұртас Оңдасыновтың есімін ұлықтау мақсатында Алматыда ескерткіш-бюст орнатылды.
Қазақстан • 03 Қараша, 2021
Цифрлы кеңістік – тілдің қолданыс аясын кеңейтетін мүмкіндік
Бүгінде қазақ тілінің коммуникациялық әлеуетін күшейтуге байланысты ілкімді іс-қимылдар жүзеге асып келеді. Осы орайда тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін ғылым мен білім тіліне айналдыру, цифрлы кеңістіктегі рөлін арттыру сияқты маңызды мәселелерге назар аударатынымыз анық. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының тілші-ғалымдары бұл бағыттағы іс-шараларға байланысты пікірлерімен бөлісті.
Білім • 03 Қараша, 2021
Сапасыз рейтингтер сүріндіреді
Қазақстандағы академиялық рейтингтер сапа стандарттарына сай келмейді. Академиялық адалдық лигасының платформасында білім саласының сарапшылары еліміздің жоғары оқу орындарына жасалатын рейтингтерді талқылау барысында осындай мәлімдеме жасады. Мұндай рейтингтер жоғары оқу орындарының жақсаруына көмектесудің орнына, керісінше, сапасыз рейтингтері арқылы олардың беделін төмендетеді. Сарапшылар сонымен бірге Білім және ғылым министрлігінің қызметі мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға нұқсан келтіретінін алға тартады.
Қазақстан • 02 Қараша, 2021
ҮЕҰ академиясында біліктілігін жетілдірді
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «ҮЕҰ академиясының» жұмысы қорытындыланды. Биыл наурыз айында үкіметтік емес секторды дамыту мақсатында «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі қолға алған «ҮЕҰ академиясы» жобасы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен басталған болатын.
Қоғам • 01 Қараша, 2021
Мыңнан астам әйелге қолдау көрсетілді
Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселе болып отыр. Алматы қаласында Jas Otan, «Қазақстан еріктілер лигасы» және «Бақытты отбасы» орталығында жүзеге асып жатқан Gulbolsyn жобасының 3 кеңес беру пункті жыл басынан бергі аралықта тұрмыстық зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге қолдау көрсетіп келеді.
Тарих • 25 Қазан, 2021
1920 жылы Қазақстанда халық саны 5 миллионнан кем болмаған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті.
Өнер • 21 Қазан, 2021
Ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар сияқты Қазақстанда, сондай-ақ әлемде кездесетін көптеген көбелек түрлері Art Galaxy Alma-Ata көрмесінің ажарын ашты.
Таным • 19 Қазан, 2021
«Киелі жолдың иесі – Райымбек...»
Азаттық жолында жоңғарларға қарсы атқа қонып, асқан ерліктің үлгісіне айналған Райымбек батырдың ерлігі хақында бүгінде аңыздардан жеткен дерек көп. Батыр бабаның ғибратты шежіресі көптеген еңбектерге арқау болды. Райымбек батырдай біртуар тұлғаның, елі ұлықтаған әулиенің есімімен байланысты деректер мен дәйектер және басқа да дүниелер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қалалық Мәдениет басқармасының бастамасымен жарыққа шыққан «Киелі жолдың иесі – Райымбек...» атты академиялық жинаққа топтастырылды.
Медицина • 18 Қазан, 2021
Балалардың дамуына басымдық берілуде
Бүгінде Алматыда балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын өткізуге арналған жүз шақты орталық жұмыс істейді. Үйірмелер мен секциялар жұмысына қалалық әкімдік қолдау көрсетіп келеді.
Қоғам • 17 Қазан, 2021
Психикалық денсаулық кабинеттеріне келушілер артты
Қазақстандықтардың психикалық денсаулығы соңғы жылдары назар аударатын көкейкесті мәселеге айналып барады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Денсаулық сақтау министрлігінің Психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Қуаныш Алтынбеков осы жылдың тоғыз айында психикалық денсаулық орталықтары мен психикалық денсаулық кабинеттеріне келушілердің саны 300 мыңға жуықтағанын жеткізді.