Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1712 материал табылды

Білім • 15 Ақпан, 2021

«Өрлеуде» мұғалімнің біліктілігін көтеру мәселесі талқыланды

«Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының кеңейтілген кеңесі Алматы қаласындағы «Ұстаздар үйінде» өтті. Әлемді шарпыған ғасыр індетіне байланысты жұмыстарын қашықтықтан жүргізген мамандар мұғалімнің біліктілігін арттыру жүйесінің қазіргі жағдайын талқылап, келешегіне бағдар жасады.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Алматы әкімі Креативті индустриялар басқармасын құру бастамасын қолдады

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынған Креативті индустриялар басқармасын құру туралы бастамасына қолдау білдірді. 

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебінде қолжетімді радио мәселесі талқыланды

Биыл алғаш рет қысқы медиа мектеп жұмысы онлайн өтті. «Qazaq Radiosy» 100 жылдығы және бүкіләлемдік радио күніне арналған «Қолжетімді радио әртұрғынға және барша халыққа: COVID-19 пандемияға қарсы күресте» тақырыбында VІІІ халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебінің ашылуында факультет деканы Сағатбек Медеубек 100 жылдық үнжарияның қоғамдағы рөлін ерекше атап, шараға Нұр-Сұлтан қаласынан «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры Ернұр Бурахан бастаған радио ұжымы, еліміздің өңірлерінен, Еуропа, АҚШ, Ресей, Қытай, Ауғанстан, Вьетнам, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен қатысқан практик мамандарды, журналистика факультеті студенттері мен оқытушы-ғалымдарды радио күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz

Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Алматыда МӘМС аясында медициналық қызмет көрсету мәселесі қаралды

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен онлайн форматта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске асырудың  барысы туралы өңірлік штабтың отырысы өтті.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Алматыда Hyundai Trans Auto зауытының қуатын арттыру жобасы іске қосылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында автомобиль өнеркәсібі кәсіпорнының өндірістік алаңында болды.

Қоғам • 12 Ақпан, 2021

Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады?

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетігін іске асыру шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде табысы аз отбасылардың мектеп жасына дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен (бұдан әрі – әлеуметтік топтама) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде

Қоғам • 12 Ақпан, 2021

3,3 мың отбасыға АӘК көмек алу мерзімі жедел түрде ұзартылды

Алматыда осы жылдың  I тоқсанында кепілді әлеуметтік пакетпен 4,6 мың бала қамтамасыз етіледі. Көрсетілген мерзімде барлық атаулы әлеуметтік көмек алушылар мемлекеттік мекемелерге жүгінбейтін болды.

Қоғам • 12 Ақпан, 2021

Әлібек Асқаровтың 70 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кездесу өтті

Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті жазушы, прозашы, баспагер, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаровтың 70 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кездесу және «Әлібек Асқаров» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті.

Руханият • 12 Ақпан, 2021

«Жәдігер жауһарлар» жобасы

Ерте ғасырлардың құпиясын қойнауына бүккен Алматы шаһары – көне жәдігерлердің мекені. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған Алатау баурайындағы әсем қала жәдігерлері бүгінде музейлердегі зерттеу жұмыстарының нысанына айналып отыр.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған сурет көрмесі өтті

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Н.Сац атындағы Балалар және жасөспірімдер академиялық театрында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Отқа оранған жастық шақ» тақырыбындағы сурет көрмесі өтті.