Қоғам • 08 Қаңтар, 2021
Қоғамдық ұйымдар ауылға бет бұрса игі
Бүгінде әлемнің көптеген елінің саясатында үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше сипатқа ие. Өйткені мемлекеттік басқару жүйесіне қоғамдық қауымдастықты араластырмай түйткілді мәселелерді шешу мүмкін емес. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы үшінші сектор әлемдік трендтер бағытында дамып келеді. Яғни еліміздегі үшінші секторды қолдау мемлекет тарапынан да, бірқатар ірі компанияның қайырымдылық мақсаттағы ҮЕҰ арқылы да жүзеге асуда. Бұл бағытта сонымен бірге бизнестің, фандрайзинг жүйесі, әлеуметтік желілер және масс-медианың рөлі маңызды екенін де айта кеткен жөн. Десек те соңғы кездерде осы бағыттағы ұйымдар қоғамның дамуына қаншалықты атсалысуда, жұмыс істеу тәжірибесіне мемлекет көңіл бөліп отыр ма деген сауалдар төңірегінде туындаған мәселелерге жауап іздеу барысында ауыл-аймақтарда үшінші сектор үлесін арттыру қажеттігін аңғарамыз.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021
Алматының Әуезов ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауданда Жаңа жылдық мереке барысындағы шаралар туралы айтып, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 3,5 мыңнан астам бала сыйлықтармен қамтамасыз етілгенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қаңтар, 2021
Жетісу ауданында қандай әлеуметтік нысандар салынуда?
Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте «Кемел» шағын ауданында жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория салу туралы шешім қабылданғандығы туралы ақпарат беріп, қазіргі уақытта күніне 200 келушіге арналған амбулатория құрылысының жоспары әзірленгендігін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2021
Алматының Медеу ауданында 8 мектеп салынады
Алматының Медеу ауданында бір жылда 1160 орынға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2021
«Сергек» жүйесі үздік деп танылды
Алматыда жүзеге асқан «Сергек» қоғамдық және жол қозғалысы жүйесі IDC Smart Cities and Communities Europe and Central Asia Awards «Ақылды қалалар мен қоғамдастықтар» жобаларының байқауында бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 25 Желтоқсан, 2020
Ғалым-шығыстанушы Нығмет Сәбитовтың 125 жылдық мерейтойына орай конференция өтті
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен ҚР Ұлттық кітапханасы бірлесіп ғалым-шығыстанушы, библиограф, этнолог, филология ғылымдарының кандидаты Нығмет Сәбитовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Н.Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметіне» арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2020
«Дала фольклоры антологиясының» 10 томдығы таныстырылды
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасы бойынша дайындалған «Дала фольклорының антологиясы» онтомдығының, «Ұлы даланың көне сарындары» үштомдығының 2-ші томын, сондай-ақ «Ежелгі дәуір әдебиетінің» бестомдығының 2, 3-ші томдарын көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 23 Желтоқсан, 2020
Ыбырай Алтынсариннің мерейтойына арналған жоба бастауда
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Жаңа жағдайдағы білім беру» жобасын жүзеге асыру қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2020
Қазақстан тарих ғылымының өткені мен бүгініне арналған конференция өтті
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 75 жылдығына арналған «Қазақстанның тарих ғылымы: өткені, бүгіні және келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті.
Қоғам • 21 Желтоқсан, 2020
Байтақ елдің географиясы неге толық оқытылмайды?
Республикалық атаулы мектеп өткізген «Жаңартылған білім бағдарламасы жағдайында «Қазақстан географиясы» пәнін оқыту мәселесі» тақырыбына арналған онлайн-жиында республиканың жүзден астам ғалымы мен география пәні мұғалімі «Қазақстан географиясына» жеке дербес пән дәрежесін қайтару мен оны «Қазақстанның физикалық географиясы», «Қазақстан Респуликасының экономикалық және әлеуметтік географиясы» деп бөліп, жеке пән ретінде екі оқу жылы аясында оқытуға арналған бағдарлама әзірлеуді ұсынды.