Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Көкшетауда мобильді зертхана жұмысын бастады
Ең бірінші кезекте тегін тестілеуден қауіптілігі жоғары деп саналған азаматтар өтеді.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2020
Ақмолада халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды
Көкшетау қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды. Облыстық әкімдік жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі штаб осындай шешім қабылдаған.
Қоғам • 06 Мамыр, 2020
Атажұрттағы атаулардың ақтаңдағы
Тыңның эпицентрі аталған Ақмола өңіріндегі елді мекендердің идеологиялық тұрғыдан әбден ескірген атауларын өзгертетін уақыт жетті. Жетпіс жылғы солақай саясаттың тұмшалаған қара шымылдығын серпіп тастасаңыз, арғы жақтан атамекеннің байырғы атаулары саф алтындай жарқ ете түсер еді.
Қазақстан • 05 Мамыр, 2020
Соғыс ардагері Саттар Жақанов: Қошқарбаевтың қасында болдым
Ақмола өңірінің тумасы Саттар Жақанов ақсақал биыл 94 жаста. Небәрі 18 жасында қан майданға аттанған сарбаз Берлинге дейін барған. Рақымжан Қошқарбаевпен бір полкта болып, батыр Рейхстагқа ту тіккенде жанында болған.
Аймақтар • 05 Мамыр, 2020
Жақсы ауданының диқан механизаторлары көктемгі егіс науқанына сақадай сай. Қажетті техниканы жөндеуден өткізіп, тұқым қорын толықтырып алған. Ендігісі көктемнің ашық әр сәтін тиімді пайдаланып, уақытылы дән сіңіру.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Бурабайда жаңа үлгідегі сервистік әкімдік кеңсесі ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы мақсат-міндет жүктелген. Ол азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруға мүмкіндік береді. Таяуда Бурабай ауданында сервистік әкімдік кеңсесі ашылды.
Қазақстан • 04 Мамыр, 2020
Жеңіс деген жалғыз сөз жанды баурап...
Бүгінгі таңда Көкшетау қаласында небары 13 майдангер тұрады. Оның бірі – Валентина Мазурова. Таяуда іздеп барып, тілдестік. Сұм соғыс туралы сыздықтатып сыр шертпек түгілі аузына да алғысы келмейді. Жадында тек Жеңіс күніне қалай жеткені жатталып қалыпты.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2020
Ақмолада жерді игеру мәселелері жан-жақты қарастырылды
Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану барысында кездесіп жатқан бірқатар мәселелер мен өңірде жүргізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарының жай-күйі талқыланды.
Экономика • 04 Мамыр, 2020
Ақмолалық шаруашылықтарда 502 052 бас ірі қара бар. Оның 143 875-і ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиесілі. 91 140-ын шаруа қожалықтары бағып отыр. Ал ауылдағы ағайынның қолында 267 037 бас бар. Биыл төл төгіні жаман емес. Былтырғымен салыстырғанда біршама өсім бар. Қазірдің өзінде малсақ қауым ақ уызға жарып отыр. Тек мал тұқымын асылдандыру мәселесі олқы соғып тұр. Бағымдағы малдың 16,3 пайызы ғана асыл тұқымды.
Аймақтар • 02 Мамыр, 2020
Ақмолада «Мәңгілік полк» интернет акциясы бастау алды
Есіл ауданында Жеңіс күні мерекесіне орай «Мәңгілік полк» атты интернет акция бастау алды. Шара аясында майдангерлерді олардың ұрпақтары әлеуметтік желілерде еске алады. Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған акция оныншы мамырға дейін жалғасады.