Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1564 материал табылды

Аймақтар • 03 Наурыз, 2020

Ақмолалық құтқарушылардың тәлімді тәжірибесі

Облыс құтқарушылары төтенше жағдай мамандығында білім алып жатқан студенттерді өз салаларының қыр-сырымен таныстырды. Жедел-құтқару жасағы төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігін тәжірибе жүзінде көрсетті.   

Таным • 03 Наурыз, 2020

Айсарыдай ару өткен деседі

Көкшетаудың күн шығыс бетінде талай жақсы мен жайсаңға ақ бесік болған Айсары ауылы бар. Айсарының қасиетті топырағы, тіпті, дала дидарын аймалаған самал жел де бағзы замандағы Айсары қыздың таңғы шықтай мөлдіреген пәк махаббатын жырлайды. Айсары-Шорман аңызы кейінгіге өнеге, жас толқынға жақсы мысал.

Абай • 25 Ақпан, 2020

«Құтты қонақ» – Біржан елінде

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейінің ұжымы ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Құтты қонақ» жобасы аясында Біржан сал ауданында болды.

Таным • 25 Ақпан, 2020

Ұлттық тағамдар ұмыт қалмаса екен

Шымкенттен мейман келген. Әдейілеп емес, атүсті. Әлдебір шаруамен Көкшетауға ат басын бұрыпты. Ас қамдауға қарататын емес. Орталықтағы мейрамханалардың бірінен өзек жалғасам болғаны дейді.

Саясат • 24 Ақпан, 2020

Қоғам мүддесін ойлаған құжат

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында митинг өткізу туралы заңды жетілдіруді міндеттеген болатын. Президент Конституцияға сәйкес елдің өз пікірін еркін білдіруге және тәртіп бұзып елдің мазасын алмаса, ондай шерулерді өткізуге рұқсат беру қажетті туралы айтқан еді.

Қоғам • 20 Ақпан, 2020

Шаңырақ неге шайқалады?

Асылында әр отбасы мемлекеттің іргетасы іспетті. Ал іргетасты мықтап қалаған абзал. Тек сол ниет бүгінде мүмкін болмай отыр. Соңғы уақытта қосыла салып, ажырасып кететіндердің қатары күрт көбейіп келеді. Мәселен, Көкшетау қаласында 2018 жылы 1739 отау шаңырақ көтерсе, 762-сі ажырасып кеткен. Ал 2019 жылы 1725 неке қиылып, 885-інің дәм-тұзы жараспаған.

Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Алысты жақындататын құрылғы

Көкшетаудағы «Тыныс» зауыты жаңа жылдан бастап алғашқы отандық электр қозғалтқышты мүгедектер арбасын құрастыруды қолға алды. Бұған дейін электр қуатымен жүретін арбалар Ресей, Қытай, және Еуропа елдерінен тасымалданып келген болатын.

Қоғам • 19 Ақпан, 2020

Қайырымдылық – қастерлі қасиет

Отандық кәсіпкерлер әлеуметтік салаға ерекше ден қойып отыр. Бизнес өкілдері демеушілік, қайырымдылық жасаудан кенде емес. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту арқылы олардың сан алуан мәселелерін шешуге де қолғабыс жасап жүрген кәсіпкерлер де баршылық.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Еріктілер мектебі – ерен істердің ұйытқысы

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында еріктілер мектебінің ашылу салтанаты өтті. Өтініш білдіргендердің 80-ні ғана аталған мектептен білім алмақ. 

Қазақстан • 19 Ақпан, 2020

Жақсылық жүрек жылытады

Еріктілер қозғалысы жүйелі тәсіл мен кешенді дамуды талап етеді. Әрине, еріктілердің қоғамдағы жұмысы көпшіліктің көз алдында өтіп жатыр. Алайда, бүгінде еріктілер қызметінің әлеуметтік өрісі де жарқын әрі көпшілікке үлгі болып отыр.