Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Фронт-кеңсе – келелі іске дәнекер
Ақмола облыстық полиция департаментінің бастамасымен Есіл ауданында фронт-кеңсесі ашылды. Кеңседе күштік құрылым қызметкерлерінің көмегіне жүгінетін азаматтардың барлық мәселелері бойынша қабылдау жүргізілетін болады.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Жаназаға жаны ауырғандар ғана барса...
Жаратқан ие сыйлаған талантымен танылған жан еді. Түбін қуып келгенде нағашы. Бұл дүниедегі татар дәмі таусылып, қайтпас сапарға аттанған. Жаназаға қарақұрым халық жиналды. Іші атшаптырым, кең мейрамхана. Отыздан аса дастарқан. Әдеттегідей құран оқылып, дұға бағышталды.
Аймақтар • 01 Қазан, 2019
Бір түйір дән далада қалмайды – дейді ақмолалық диқандар
Биылғы егін орағы біршама күрделі жағдайда өтіп жатыр. Оған ең басты себеп – жауын-шашынның шамадан тыс көптігі. Көктемгі тұқым себу науқаны да жылдағыдан кеш аяқталып, дән кеш пісті.
Қоғам • 01 Қазан, 2019
Қариялар көңіліне қаяу түспесін...
Макинск қаласындағы қарттар үйінде 58 қария тұрады. Көпшілігінің бала-шағасы бар. Бауыр еті балаларының ата-аналарынан безіп кетуінің себебі неде?
Руханият • 30 Қыркүйек, 2019
Күміс көлдері мөлт-мөлт етіп жатқан Қорғалжын тарихи ескерткіштерге аса бай өлке. Осындай қымбат жәдігерлердің бірі – Ақ Еділ қожа мазары.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2019
Облыста жылу беру маусымына дайындықтың соңғы шаралары жүзеге асырылуда. Биыл қысқа қамдануға жергілікті бюджеттен 3,5 млрд теңге қаражат бөлінді.
Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2019
Екі қолға бір күрек таба алмай отырған ауыл тұрғындарының алға ұмтылуына демеу болатын шарапатты шаруаның бірегейі – шағын несие. Мемлекет тарапынан әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған бес бастаманың бірі – шағын және орта кәсіпті дамыту.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019
Ақ балық, қармағымды қап, балық!
Бурабай баурайында бұрын-соңды болмаған, ел назарын өзіне аударатын қызықты фестиваль ұйымдастырылуда. Ол – ақ айдыннан балық аулау.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019
Маңызды мәселеге мейлінше мән берілді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған Төлеубек Мұқашев, Қайрат Қожамжаров және өзге де комитет мүшелері Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, әскери және техникалық оқу орындарының жағдайымен, сондай-ақ арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысты.
Қоғам • 23 Қыркүйек, 2019
Ақмола облысында үстіміздегі жылы атаулы көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда бірден үш есеге өсті. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету үшін 7 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Екі мыңнан астам отбасының көмек алу үшін табыстарын жасырғаны белгілі болып отыр.