Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1507 материал табылды

Аймақтар • 27 Шілде, 2019

Көкшетау көркейіп қалды

Бүгін таң сəріден Көкшетау қаласының тұрғындары тазалық қамына кірісті. Бұқпа тауының баурайы, Қопа көлінің жағалауы, Шағалалы, Қылшақты өзендерінің аңғарлары тазартылып ондаған тонна күл-қоқыс  шығарылды.

Аймақтар • 27 Шілде, 2019

Қонақжай Көкшетау Арыс балаларын қарсы алды

Бүгін, сенбі күні Арыс қаласының балалары қасиетті Көкше топырағына қадам басты. Ауасы дертке дауа, жұпар иісті Көкше өңірінде, тамылжыған табиғат аясында тынығып, дем алуға келген 145 баланы ел ақсақалдары мен облыстық білім беру басқармасының басшылары, қала жұртшылығы қарсы алды.

Үкімет • 17 Маусым, 2019

Премьер-Министр Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды

Сапар барысында Премьер-Министр алдымен «Қазақстандық Агро-Инновациялық Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Бұл кәсіпорында астықты аймақ үшін қажетті әртүрлі ауыл шаруашылығы техникалары жиналады. Қуатты техникалардың тіркемелері жергілікті жерде жасалады. Жобаның құны – 4,7 миллиард теңге. 2016 жылы пайдалануға берілген кәсіпорынның жыл сайын 1500 дана техника шығаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі күні кәсіпорын шығарған техникаларға еліміздің көптеген өңірлерінен сұраныс түсуде.

Қазақстан • 15 Маусым, 2019

Көкшетаудың әлеуетін кәсіпорындары нығайтады

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ақмола облысында жұмыс сапарымен болды.

Руханият • 14 Маусым, 2019

Шыңға біткен шынардай Шыңғыс еді!..

Осыдан тура екі жыл бұрын маусым айының 21 жұлдызында Целиноград ауданына қарасты Оразақ ауылында оқыс оқиға орын алған болатын. Ауыл маңындағы су айдынында шомылып жүрген екі бала суға батып бара жатқанда құтқарып қалған бозбала Шыңғыс Тиыштық опат болды. Артында ерлік өнегесі қалды. Таяуда біз Шыңғыстың анасы Альфия Қабылқызымен тілдесіп, өткен оқиға сорабын тағы бір еске алғанбыз. Көктей қиылған марқұмның аты өшпесін, жас жүректің жалынды жарқылы сөнбесін деп.

Аймақтар • 13 Маусым, 2019

Паң Нұрмағамбет мазары

Нұрмағамбет Сағынайұлы – заманында төңірегіне шуақ шашқан, көпке шарапатын тигізген атымтай жомарттығымен аты шыққан адам.

Технология • 11 Маусым, 2019

Электрмобильдердің тұңғыш шеруі өтті

Jasyl jol қазақстандық электрмобильдер шеруі Нұр-Сұлтан – Бурабай – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұйымдастырылды.

Аймақтар • 06 Маусым, 2019

Тірлігіне бірлігі демеу болған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде отбасылық құндылықтарды дәріптеу қажет екендігіне ерекше тоқтала келіп, «Адамның байлығы балаларының санымен өлшенген. Сондықтан да мен үлгілі отбасы дегеніміз – ең алдымен көп балалы отбасылар болуы тиіс деп санаймын» деген болатын. Елбасының Жарлығымен 2013 жылдан бері «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізілуде.

Аймақтар • 04 Маусым, 2019

Көкшетауда 70 отбасы қоныс тойын тойлады

Кеше Көкшетауда ақ түйенің қарны жарылған әдемі оқиға болды. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.

Қоғам • 03 Маусым, 2019

Ұстаз болсам деп едім...

Степняк қаласындағы №1 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Елизавета Заболотская болашақта мұғалім болғысы келеді.