Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1564 материал табылды

Аймақтар • 13 Наурыз, 2024

Қарағайдан ойып алған жиһазым

Ит тұмсығы өтпейтін, орман-тоғайы мол Көкше өңірінде ағашты кәдеге жаратып жатқан кәсіпорын көп емес. «Kazwood» серіктестігі осы олқылықтың орнын толтырып отыр.

Кәсіпкер • 08 Наурыз, 2024

Кәсіпкер қағидаты

Алты баланың анасы, «Аңсар» жеке кәсіпкерлік шаруашылығының жетекшісі Бәтима Қалыбекова мемлекетт ік қолдаудың арқасында сүтті бағыттағы мал өсіріп, қарекет етіп жатыр.

Өнер • 06 Наурыз, 2024

Көкшедегі көркем мереке

Көгілдір Көкшеге көктем лебі жетті. Зәу биіктен себезгілей құйылған шуақпен мерекеге орай көкіректерде бүр жарған аялы сезім астасып, төрткүл төңіректің бәрі жадырай жайнап кеткендей.

Жануарлар • 06 Наурыз, 2024

Ел елікті аяп отыр

Қоңыр күздің соңында Көкшенің ойы мен қырына иен даланың ерке аңы – елік толып кетті. Қыс түсе елді мекендерге кіре бастады. Көктем шыға елік атаулы кәдімгідей өткір мәселеге айналуы да мүмкін.

Мирас • 03 Наурыз, 2024

Сәкен серінің қазынасы

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай шығармашылығын насихаттауға арналған көрме осылай аталады.

Еңбек • 01 Наурыз, 2024

Береке еңбекқорға бітеді

«Темірлан» серіктестігінің тауарлы-сүт фермасын салу жобасы қызу қолға алынды. Жоба жүзеге асса, ауылда жаңа жұмыс орындары ашылып, ел еңсесін көтеруге септігін тигізбек.

Білім • 29 Ақпан, 2024

Оқушының оңды ісі

Ілкідегі қазақы қағидаға ден қойсақ, «талаптыға нұр жауар» деген сөздің астарында кәтепті қара нарға жүк болатын мән бар екенін түйсінер едіңіз. Оқушының қолынан құрастырылған, әншейінде кәдеге аса қоймайтын шыны құтылардың қалдықтары да әжетке жарап қалады екен.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2024

Түз тағысына қарайласып...

Биылғы қыс қорадағы мал­ға ғана емес, құла түз­дегі тағыға да тақсы­ретін тарттырып тұр. Жел­тоқ­сан туа жауған қалың нө­сер мұз болып қатып, қо­лат-қойнау сіресіп тұр.

Мәселе • 14 Ақпан, 2024

«Атты екен қандай адам көзі қиып...»

Жалпақ жонның сәні – бауырында өрген аң-құсы. Ақсұңқар ақын Сәкен Сейфуллиннің «Ақсақ киігін» тыңдаған сайын жазықсыз жануардың оққа ұшқанына қынжылатын едік. Бағзы замандағы безбүйректік әлі де бар. Тіпті өрши түскендей.

Халық • 08 Ақпан, 2024

Орманшының ойы

Әншейінде томаға-тұйық Күшпай Боқанов әңгіменің тақырыбы орманға ойысқанда, дүр сілкінеді. Орманшы әулетінен шыққан ол осы салада табаны күректей қырық жылдан аса уақыт еңбек етіп келеді.