Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1564 материал табылды

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2023

Көкшедегі сабантой

Тойған қозыдай томпайып, бұйығып жатқан Бұқпа тауының баурайы өзгеше бір реңге ие болған. Татар-баш­құрт ағайын мың жылдық тарихы бар сабантойын өткізді.

Еңбек • 18 Қыркүйек, 2023

Кәсіп мерейі

Ел ішінде алдынан жұмыс үркіп тұратын, ақ адал еңбегінің арқасында ұжымының шынайы құрметіне бөленіп жүрген жас­тарды көргенде жаның сүйсінетіні бар. Сондай талапты жастың бірі Мирас Еркенов Макинск қаласындағы жылу оқшаулау зауы­тында ауысым шебері болып еңбек етеді.

Жәдігер • 17 Қыркүйек, 2023

Уәли ханның мазары

Облыс орталығының іргесіндегі Қазақстан ауылына баратын тас жолдың қамшылар жақ бетінде Уәли ханның мазары тұр. Еңселі мазар көз ұшынан көрінеді. Әр жағында Қарақалпақ тауы. Кесене 2008 жылы Уәли ханның туғанына 270 жыл толуына орай қайта жаңғыртылған. Жалпы аумағы 1 920 шаршы метр. Биіктігі сегіз метр шамасында. Мазар қызыл кірпіштен төрт бұрыштап салынған. Төрт жақ ірге сары кірпіш және жарты ай бейнесіндегі шақпақ таспен өрілген.

Еңбек • 17 Қыркүйек, 2023

Тағдырмен тайталасқан

Он екі мүшесі сау кезінде адам келешектегі тағдырдың сыбаға-сыйының қандай боларын ойлай бермейді-ау. Басына күн түскенде бордай езіліп, берекесін кетірмей, қайта мынау жарық дүниеде бір күн болса да мазмұнды, мағыналы күн кешейін деп ұмтылу үшін көкірегінде құштарлық, жан-дүниесінде қажыр-қайрат болуы керек екен.

Жануарлар • 13 Қыркүйек, 2023

Бөкеннен келген бейнет

Кейінгі жылдары өңірдегі ақбөкен күрт көбейді. Төрт түлік малдың өрісі тарылып, егін еккен диқан бөкеннен бейнет шеге бастады.

Шахмат • 13 Қыркүйек, 2023

Жолың болсын, шахмат керуені!

Кеше Көкшетауға еліміздің барлық ай­­мағында шахмат спортын дамытуды және насихаттау­ды мақсат еткен «Шах­мат керуені» рес­пуб­ли­калық жо­бас­ы­ның өкілдері келді.

Денсаулық • 13 Қыркүйек, 2023

Топалаң шошытып тұр

Сесі қатты топалаң (сібір жарасы) жұртшылықты қо­балжытып тастады. Дерт ошағы пайда болған Жарқайың ауданында сібір жарасын жұқтырған адамдардың саны 14-ке жетті.

Туризм • 10 Қыркүйек, 2023

Қонақжай Көкше қол бұлғайды

Биылғы жаз туризм саласы үшін мейлінше қолайлы болды. Адамдардың апшысын қуырған аптап ыстық жалпақ жұртты орманның саясына, өзен-көлдің жағасына жетеледі. Ал курортты өңірде кейінгі жылдары салаға серпін беріліп, оң жағдай қалыптасқаннан кейін келушілердің қатары көбейе түсті.

Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023

«Күміс жас» жобасы

Егде адамдардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі шектеулі. Әйтсе де зейнетке жасы таяп қалған адамдар мемлекеттік бағдарлама арқылы «екі қолға – бір күрек» тауып отыр.

Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2023

Жанға сая жасыл орман

Орманды өлкеде оралымды іс бар. Мәңгі жасыл қарағайлар мен қолдың саласындай аққайыңдар көмкерген орманды алқап жыл сайын қамқор қолмен егілетін көкөрім көшетпен толығып, еселене түседі.