Қоғам • 06 Қаңтар, 2023
Жеңді білектей қазы мен туырылып түскен қартаға аңсары ауып тұратын ағайынның бағалы балыққа да қарық болатын түрі бар. Балық болғанда да балаң үйректің басындай шабақ емес, дәмі тіл үйіретін форель.
Қоғам • 01 Қаңтар, 2023
Агротуризмнің септігі тисе игі
БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен қазақстандық агро және ауылдық туризм қауымдастығы мобильді оқыту семинарларын ұйымдастырды. Мақсат – өңірлердегі туристік әлеуетті арттыру, ауыл тұрғындарының табыс табуына көмектесу әрі ұлттық салт-дәстүрдің алтын бесігіндегі ғажайып мұраны насихаттау.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2022
Бір қызық қыран баптап, аң аулаған...
Көкше аспанында қыран құстар қалықтап, ерлік пен өнерге ынтызар елдің рухы асқақтаған күн болды бұл. «Қансонар» халықаралық турниріне Моңғолия, Қырғызстан, Түркия және еліміздің барлық өңірінің айтулы құсбегілері қатысып, бақ сынасты.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2022
Қай кезеңде болсын әдебиет пен өнер Алаш жұртының түгесіліп бітпес, сарқылып ортаймас аса бай рухани қазынасы болса, сол игілікті жасаушылар ұлттың беткеұстар қаймағы санатында болмақ.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022
Таяуда облыс орталығында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, облыстық Науан хазірет мешіті, облыстық тарихи-өлкетану музейі жанындағы тарихшылар қауымдастығы бірлесіп, «Хан ордасы Көкшетау: Кенесары – ұлттық қаһарман» тақырыбында ғылыми конференция өткізді.
Экономика • 07 Желтоқсан, 2022
Ел ішінде төрт түлік малдың басын көбейтіп, ақ-адал еңбегімен босағасына береке байлап отырғандар аз емес. Малсақ қауымның осы бір өнімді ісі өзгеге үлгі болуға әбден лайықты.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022
Биыл Ақмола диқандары 5 млн тоннадан астам сапалы астық жинап, еңбектері ақталды. Әйтсе де, қолда барды кәдеге жарату тұсы кемшін. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өнім экспортын ұлғайтуды тапсырды. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірге ұсыныспен ғана шектеліп отыр.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2022
Көкшетауда Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының жанынан ашылған тұңғыш қуыршақтар театры кішкентай көрермендерін көл-көсір қуанышқа кенелтті.
Аймақтар • 29 Қараша, 2022
Көкшетау халқы да қобалжып отыр
Таяуда Екібастұзда жылу электр орталығында апат болуы салдарынан қала тұрғындарының қаншалықты зардап шегіп отырғандығын көкшетаулықтар жақсы түсінеді. Өйткені 90-жылдардың басында облыс орталығын жылумен қамтамасыз етіп тұрған қазандық істен шығып, қала инфрақұрылымы қыс ішінде қатып қалған.
Егемен Қазақстан • 28 Қараша, 2022
Ақиқаттың ай дидары – баспасөз
Таяуда «Egemen Qazaqstan» журналистері киелі Көкше өңірінде болып, оқырмандармен жүздесіп қайтты. Тау басынан құдық қазғандай қияпат еңбекпен көз майын тауысып, елдің шөліркей іздеген рухани азығын тауып беріп отырған газет редакциясы мен көзіқарақты оқырман арасындағы байланысты барынша өрістетіп, жандандыра түсу өте қажет. Бүгінгі оқырман нені қалайды, қай тақырыпты оқығысы келеді? Мұны да білген жөн.