Аймақтар • 29 Маусым, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру барысында Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін қаузаған облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың көшпелі брифингі Бурабай баурайында өтті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қымыз өндірісін өрге бастырмай тұрған кемшілік көп. Жылқы басы бар болғанымен жайылым тар, мал тұқымы азып кеткен, өзге түліктен алынатын өнімге берілетін субсидия қымызға жоқ. Ең бастысы, ауылдағы ағайын да ас атасын дайындауға енжар.
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Көкмайса жайлау жайлаған, желіге құлын байлаған ата қазақтың сан ғасыр бойы жалғасып келе жатқан әдемі дәстүрінің бірі – қымызмұрындық. Уақыт шымылдығы тұмшалаған, солтүстіктегі ел жадынан өшуге аз-ақ қалған игі дәстүр қайта жаңғырып, тәмам ел бір серпіліп қалды.
Аймақтар • 19 Маусым, 2022
Сабантой – ізгі тілек, ақ ниеттің құндағындай
Облыс орталығының іргесіндегі Бұқпа тауының баурайында татар мен башқұрт халқының ұлттық сабантой мейрамы аталып өтті. Мәнді шара барысында Татарстанның Президенті Рустам Миннихановтың құттықтау хаты оқылып, қияндағы Қазан қаласынан келген өнерпаздар әуелете ән салып, би биледі.
Аймақтар • 19 Маусым, 2022
Бұқпа тауының баурайында сабантой өтті
Облыс орталығының іргесіндегі Бұқпа тауының баурайында татар мен башқұрт халқының ұлттық сабантой мейрамы аталып өтті. Мәнді шара барысында Татарстанның Президенті Рустам Миннихановтың құттықтау хаты оқылып, қияндағы Қазан қаласынан келген өнерпаздар әуелете ән салып, би биледі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Маусым, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Париж келісімінің мақсаттарына және Қазақстанның көміртекті бейтараптығына қол жеткізу жолдары» атты халықаралық конференцияда «Көмірсутекті бейтараптыққа жетуде орман алқаптарын көбейту маңызды рөл ойнайды. Қазақстан орман алқабы аз мемлекетке жатады. Орман қорының көлемі 30 млн гектарды немесе аумақтың 11 пайызын құрайды. Биыл елді жасыл желектендіру бойынша ауқымды жоба басталды. 2025 жылға дейін 2 млрд ағаш отырғызылады» деген болатын.
Аймақтар • 16 Маусым, 2022
Ақ мамықтан арылар күн бар ма?!
Жадырап жаз шығып, ағаш біткен гүлдеген кезде өңір тұрғындары теректен ұшатын ақ мамықтың азабын шегеді-ақ. Аллергиясы барлар қайда барып бас сауғаларын білмей дал. Өрт қаупі де жиі.
Туризм • 14 Маусым, 2022
Ілкіден елге мәлім Бурабай мен Зерендіден көркемдігі сынық сүйем кем түспейтін Сандықтауда адам аяғы сиректеу. Тұмса табиғаттың тұнығы уыз қалпында. Демек аялап ұстап, туризмді дамытудың мүмкіндігі де мол.
Қазақстан • 13 Маусым, 2022
Талап болмаса, тазалық та болмайды
Өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды төгетін 130 орын болса, соның 24-і ғана заңдастырылған. Бурабай, Ақкөл, Зеренді, Аршалы және Қорғалжын аудандарында қалдық жинайтын арнайы заңдастырылған орындар мүлде жоқ.
Қоғам • 10 Маусым, 2022
Кір жуып, кіндік кескен топырақтың қасиетін ұғу, қадіріне жету – әр перзенттің борышы. Ақ самалымен аялаған, қолтығынан қанат бітіріп, арман тұлпарымен алға жетелеген өскен орта, өнген жер көкіректі қоламтаның шоғындай қыздырып, мәңгілік бірге жүреді екен-ау.