Аймақтар • 12 Наурыз, 2021
Жыл сайын бөгет салынады: Одан да ұрымтал тұстарды неге біржола жөндеп алмасқа?
Биыл Ақмола өңірінде қар қалың. Қызыл судан қауіп көп. Көңілдің күпті болуының бірнеше себебі бар. Біріншіден, ақпан айында сіркіреп жаңбыр жауды, қатты аяздың салдарынан жердің қату деңгейі тереңдеді. Мәселен, былтыр жердің үстіңгі беті 70-80 сантиметр деңгейінде қатса, биыл бір жарым метрге жуық. Су қоймаларындағы 98 инженерлік құрылғының 34-і іске жарамсыз.
Экология • 11 Наурыз, 2021
Булығып аққан бұлақтардың көзін ашсақ...
Көкшетау мен Қараөткелдің кең көсілген алқабында сансыз бұлақтың күні-түні шапқылап аққан, қара қарғаның миы қайнайтын қырық күн шілдеде кенезесі кепкен даланың таңдайын жібіткен, өсімдік атаулының бойына нәр берген тамаша шағын көнекөз қариялар бүгінде сағынышпен еске алады.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2021
Бұлақсай ауылында білім ошағының қазандығы жарылды
Бүгін Аршалы ауданына қарасты Бұлақсай ауылындағы орта мектепте қазандық жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Наурыз, 2021
Еменнің иір бұтағындай мықтылық... Тағдырдың тәлкегіне әсте мойымау. Бәлкім бұл ішкі жан-дүниенің қайсарлыққа шүпілдеп толуынан шығар. Қалай болған күнде де көктемнің қырмызы гүліндей нәп-нәзік қыздың бойында осыншама күш-қуаттың болуы әуелі таңғалдырған. Кейін тілдесе келе тәнті болдық.
Руханият • 05 Наурыз, 2021
Көкшеге көктем кеш келеді. Наурыз айы туса да бет шымшитын аяз бар, сырғыма жүріп тұр. Алға басқан қадамыңды долы жел кері итереді. Жетім тоқтының жабағы жүніндей тұтасқан ала бұлттың арғы жағынан күннің көзі күлімдейді. Шапағатын төккісі, мейірімімен мейіріңді қандырғысы келетіндей.
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Құрқылтайдың ұясы немесе ізгілік иесі
Аппақ, мөп-мөлдір зәмзәм суын құйған күміс тостағандай Жөкей көлі жаз бойы майда толқындары бірін-бірі қуып, жағалауға асығып, тебірене тербеліп жатар еді. Бала кезінен осы төңіректі аралап, көгілжім сағымға бөккен, тойған қозыдай томпайып жатқан сансыз адырлардың арғы бетінде не бар екен деген қызығушылықтан арыла алмайтын.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2021
Көкшетауда кейбір шектеулер күшін жойды
Соңғы он күннің ішіндегі коронавирус инфекциясының таралуына жүргізілген мониторинг нәтижесі өңірде эпидемиялық жағдайдың біршама тұрақталғанын көрсетіп отыр. Осыған орай, ақпан айының 27-сінен бастап кейбір шектеу шаралары алынып тасталды.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Күн қабағын бағып, ауа райын жауырын ашпай-ақ болжап отырған ел ішіндегі малсақ қауымның айтуына қарағанда, биылғы ауа райы 2017 жылмен ұқсас екен. Сол жылы да қыс ішінде жаңбыр жауып, үйір-үйір жылқы жайылатын жалпақ жон сіреу болып қатты. Қас қылғандай қар да қалың түсті. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, бейқам отырған ел іші жүген ұстап қала жаздады.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2021
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Өңірде мектеп оқушыларын тасымалдау мәселесі өте өзекті. Бүгінгі күні төрт мыңнан астам оқушы қатынап оқуға мәжбүр. Күрделі істің оңынан шешілуіне кәсіпкерлер қол ұшын созып, көмек беруде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Ақпан, 2021
Қайырымдылық қолын созып, жанашырлық құшағына алу – халқымыздың ықылым заманнан бері бойына біткен ізгі қасиетінің бірі. Таяуда Петропавл қаласындағы С.М.Киров атындағы зауыт ұжымы Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университетпен бірлесіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың студенттеріне соңғы үлгідегі ноутбуктерді тарту етті.