Қоғам • 14 Қыркүйек, 2020
Облыстағы озат шаруашылықтардың қатарынан саналатын «Викторовское» ЖШС гектар берекесін 22 центнерден айналдыруда. Бұл әзірге өңірдегі ең жақсы көрсеткіштің бірі.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2020
Шарапатпен шырайланған Зеренді
Бұл шарапат – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы. Осы бағдарлама өңірдегі елді мекендерде ұзақ уақыттан бері қордаланып қалған түйінді мәселелерді оңынан шешуге ықпалын тигізіп отыр.
Пікір • 10 Қыркүйек, 2020
Ел тілегін ескеру билік пен қоғам арасын жақындата түседі
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында «Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог» деп атап көрсетілген болатын.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2020
Әр түйір дән алтынға баланған шақ
Биыл облыста 4905,9 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар тұқымы себілді. Мұның ішінде бидай 3698 мың гектарды, арпа 651,6 мың гектарды, сұлы 60 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ тары, қарақұмық, ноқат, бұршақ, майбұршақ және жасымық тұқымдары да былтырғы ауқымнан көп себілді.
Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2020
Қазыналы Көкшетау, қасиетті Қараөткел
Табиғаты талайды тамсандырған өлкенің тарихы да қатпар-қатпар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы өткеннің өміршең тарихын жаңғыртып, жас ұрпақты тәрбиелеуге тамаша септігін тигізуде. Бүгін оқырман назарына өңірдегі киелі жерлердің тарихын там-тұмдап ұсынсақ, жалпақ жұртқа ортақ қазынаның жұқанасы септігін тигізер еді.
Руханият • 09 Қыркүйек, 2020
Облыстық іскер әйелдер қауымдастығына басшылық еткен бес жыл ішінде талай-талай тағдыр иелерімен танысты. Өмірдің өкпек желі құзар шыңның басына итеріп апарып, жол таппай аңтарылғандарды да, тағдыр қанша сынағына алса да, тауы шағылып көрмегендерді де білді.
Аймақтар • 08 Қыркүйек, 2020
Шоқ жұлдыздай шағын ғана Жаңақима ауылында жаңа спорт залы бой көтеруде. Бір айта кетерлігі, нысанның салынуына ауыл адамдарының өздері жұмылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қыркүйек, 2020
Облыста бекем бірліктің арқасында берекелі күн кешіп жатқан барша ұлт өкілдерінің тілі мен мәдениетін өрістетуге, өңін жақсартып, өзегін нықтауға жанашырлық жасалуда. Осы орайда жергілікті ұлт тіліне, оның қолданылу аясының кеңеюіне қамқорлық жасалып отыр. Бұл туралы таяуда тіл апталығына байланысты өткізілген брифинг барысында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова баяндап берді.
Руханият • 07 Қыркүйек, 2020
Киікбай батыр кесенесі қайта жаңғырды
Жасанып келген жаудан ел қорғаған батыр, ауыздыға сөз бермеген шешен Киікбай Байғараұлының кесенесі Сергеевка ауылының маңында еді. Таяуда артындағы ұрпағы сайын дала төсінде жаңбыр мен желден тозыңқыраған кесенені қайта жаңғыртып, төңірегін қоршап, абаттандырып, құран бағыштады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 07 Қыркүйек, 2020
Бала кезінде қиялшыл еді. Ұшқыш болсам дейтін. Қазбауыр бұлттардың арасында қалықтай ұшып, көкмұнарлы таулар мен көкорайлы орман-тоғайды, моншақтай мөлдіреген көлдерді көргісі келген. Мейірімі мол адамдар мекендеген өңірлердің сымбатына сүйсініп, шолып шықса шіркін...