Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019
Техника қарыштап дамып, адамзат ақыл-ойы шырқау биікке шарықтаған дәл қазіргі кезеңде өмір ағысын электр қуатынсыз елестету мүмкін емес. Бір сәтке бұл игілік болмай қалған жағдайда не істерімізді білмей абдырап, күнкөрісімізге талғажау еткен тіршілігіміз де тұралап қалатыны белгілі. Айтулы саланың жетекші мамандары еліміздегі ең алып мегаполис Алматының бірқатар ауданындағы жерасты электр желілерінің тозығы жетіп тұрғанын алға тартады.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2019
Алматыны ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамтуда қандай жетістіктер бар?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамытуға бағытталған кеңесте шаһардың әлеуметтік-экономикалық табыстары ең әуелі қаладағы инфрақұрылымдық қызмет сапасын жақсартудан басталатынын айтып, бұл бағытта бірқатар тапсырмалар берген болатын. Осы ретте күн санап аумағы артып келе жатқан мегаполистің ауызсу мәселесі мен кәріз жүйесінде қандай жетістіктер мен тұралап тұрған тұстар бар?
Әлем • 23 Желтоқсан, 2019
Австрия елшілігі шараптардың үздік үлгілерін таныстырды
Қазақстандағы Австрия Елшілігінің сауда бөлімі Австриялық шарап маркетингі кеңесімен (AWMB) бірге жаңа жыл қарсаңында Алматыда австриялық шараптардың үздік үлгілерінің дегустациясын өткізді. Іс-шараны өткізуге жүзімнің рекордтық өнімін алған австриялық шарап жасаушылардың өткен жылғы үлкен жетістігі себеп болды. Жиналған өнімнен австриялық тұтынушыларға және басқа елдерге экспортқа жіберілген жоғары сапалы шарап саны рекордтық көрсеткішке жетті.
Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019
Алматылықтар «Мен қазақпын» челленджін қолдады
Тұғыры биік Тәуелсіздік қазақ ұлтының кешегі тарихы мен бүгіні. Қасиетті тәуелсіздікті көздің қаршығындай қорғау әрбір ұлтжанды азаматтың міндеті десек, ел тәуелсіздігінің құрметіне орай еліміздің барлық өңірлерінде басталған «Мен қазақпын» челленджі өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух беретіні анық.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2019
Алматылықтар Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті
Бар қажыр-қайратын ұлт мәдениетіне арнаған тұлғаларға құрмет көрсетіп, олардың есімдерін өскелең ұрпаққа үлгі ету рухани жаңғырудың жарқын үлгісі. Тәуелсіздік мерекесі аясында Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік концерт ұйымдастырылды. Әсем кеште күміс көмей әншінің құрметіне итальяндық әнші Джузеппе Вердидің «Травиата» атты әйгілі операсы сахналанды.
Руханият • 14 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Тағылым мен тағзым» тақырыбында әсерлі кездесулер легі өтті
Биылғы желтоқсан айында Алматыда Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан қоғам қайраткерлерімен және зиялы қауым өкілдерімен, 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасына» қатысушыларымен «Тағылым мен тағзым» атты тақырыптық-танымдық кездесулер легі өткізілді.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Алматыда Серке Қожамқұлов туралы деректі фильмнің тұсауы кесілді
Алматыдағы Ұлттық кітапхана қабырғасында режиссер Алексей Каменскийдің «Сералы Қожамқұлов» атты деректі фильмінің тұсаукесер көрсетілімі болып өтті. Жас ұрпақтың рухани жаңғыруына жол ашатын айтулы жобаны ұлт қайраткерінің рухына көрсетілген құрмет деп атауға болатындай.
Руханият • 13 Желтоқсан, 2019
Қисамединовтің қолтаңбасы алматылықтар назарына ұсынылды
Алматы таңғажайып өнер туындылары мен тарихи таланттарды тоғыстырған шаһар. Елдің рухани әлеуетін айшықтауда мегаполистегі мәдениет ошақтарында сақталған айрықша өнер туындыларының орны зор. Солардың қатарында айтулы сурет шебері Мақым Қисамединовтің Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде сақталған шығармаларын да ерекше атауға болады.
Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2019
Алматыда «Инемен жазылған кескіндеме» атты көрме ашылды
Алматыда Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде кесте өнерінің шебері Гүлмира Садықованың «Инемен жазылған кескіндеме» атты жеке көрмесі ашылды. Автордың қолтаңбасынан қазақтың ұлттық дүниетанымының исі аңқиды.
Руханият • 11 Желтоқсан, 2019
Алматыда мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды
Алматыдағы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі мүсінші Шоқан Төлештің 65-жылдық мерейтойына арналған «Қола мүсіндер симфониясы» атты көрме ашылды.