Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1279 материал табылды

Экология • 24 Қаңтар, 2020

Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе?

Соңғы аптада Алматы маңында тіркелген бірқатар жер сілкіну фактілері тұрғындардың үрейін туғызып, өңір жұртшылығын алаңдатып отыр. Оның үстіне ақпарат көздері мен әлеуметтік желілер арқылы жойқын жер сілкінісінің қаупі ықтимал екендігі айтылған мәліметтер жаппай тараған болатын. Сейсмикалық қауіпті аймақ саналатын Алматыда шынымен де дүлей дүмпудің белгісі байқала ма? Бұл туралы сала мамандарынан сұрап көрген едік.

Руханият • 23 Қаңтар, 2020

Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді

Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, профессор Шериаздан Елеукеновке І дәрежелі «Барыс» ордені берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен әдебиет қайраткеріне айтулы марапатты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев табыс етті. Бұл жәнінде Б. Сағынтаев өзінің Инстаграмдағы ресми парақшасында жазды.

Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020

Алматы көшелеріне ақылды бағдаршамдар қойылады

Биылдан бастап Алматы көшелеріне ақылды бағдаршамдар  орнатылатын болады. Бастапқыда 93 бағдаршам іске қосылса, 2022 жылға дейін қаладағы барлық бағдаршамды осы жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр.

Тағайындау • 21 Қаңтар, 2020

Алматының қос ауданына жас әкімдер тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау және Түрксіб аудандарының әкімдері болып Азамат Қалдыбеков және Бақытжан Ақжаров тағайындалды.

Қазақстан • 16 Қаңтар, 2020

Алматыда Абай орталығы ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласында: «Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Біз Абайдың 175 жылдық мерейтойына қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін іс-шара ретінде зор мән беруіміз керек» деп мерейтой аясында хакім мұрасын жан-жақты насихаттаудың маңыздылығын айрықша атаған еді. Осы орайда Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қабырғасынан Абай әдеби орталығы ашылғанын сүйіншілеп айта кеткен ләзім.

Руханият • 16 Қаңтар, 2020

Сұлулық симфониясы

Суретші өз жұмыстарында адамның рухани кемелдігі тақырыбын басты нысан ретінде алады. Оның акварельмен салынған шығармаларына ширақтықпен қатар колориттің қанықтығы тән. Табиғат сұлулығын жырлай отырып, табиғи ортадағы өмірді анық әрі нанымды бедерлеуге тырысады. Түсті, табиғаттың тылсым бояу­ларын талғампаздықпен сезінеді.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Ортақ мақсат – инновациялық даму

Жидда қаласындағы Ислам­ ынтымақтастығы ұйы­мының (ИЫҰ) штаб-пәтерінде халықаралық ғылыми қауымдастық өкілдерін тоғыстырған кездесу өтті. Басқосуда әріптестікті дамыту, білім беру, ғылым және технология салаларында Қазақстанның бастамаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Алматыда Молдахмет Сыздықұлына ескерткіш тақта орнатылды

Алматы қаласында Қазақстанның Халық суретшісі Молдахмет Сыздықұлының жарқын бейнесін ұрпақ жадына салатын мемориалды тақта ашылды. Тақтайша өнер иесі отыз жылдан астам уақыт тұрған Төлебаев көшесі №125 үйге қойылды. Биыл көрнекті суретшінің туғанына  – 95 жыл толып отыр.

Руханият • 15 Қаңтар, 2020

Алматыда Абай әлеміне арналған кітап көрмесі ашылды

Айтулы шара хакімнің 175 жылдық мерейтойы аясында қолға алынған. Ұйымдастырушылар бұдан бөлек, ұлы ойшылдың ғибратты ғұмырын, рухани шығармашылығын, қауымға кеңірек таныту мақсатында онлайн байқау жариялауды жоспарлап қойған. Аталған жобаға Абайдың туындыларын мәнерлеп оқитын кез келген оқырман қатыса алады.

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020

«Қара майор» халық жадында

Әскери абырой мен қаһармандықтың үлгісі бола білген Ауған Соғысының ардагері, полковник, Борис Керімбаев биыл тірі болғанда 72 жасқа толар еді. Алматыда қалалық әскери-патриоттық клубтың оқушылары батыр рухына тағзым жасап, 28 Панфиловшылар саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойды.