Әскер • 16 Ақпан, 2023
Бүгінде әскери борышын өтеуден жалтаратын жастардың көбейгені белгілі. Оқушылардың бойына отаншылдық рухы сіңсе, ел мен жердің қадір-қасиетін біліп өссе, әскери тәрбиенің әліппесін мектептен меңгерсе, мұндай олқылықтар азаятыны анық.
Әскер • 16 Ақпан, 2023
Алматыда «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына қатысатын командалар белгілі болды. Қаладағы десанттық-шабуылдау құрамасының алаңында өткен жарысқа Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларының әскери-патриоттық клубтары қатысты. Олармен Десанттық-шабуылдау әскер-лерінің құрамалары мен әскери бөлімдері пысықтау жұмыстарын жүргізуде.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2023
Қамданған қапы қалмайды: Алматыға салмақты сейсмикалық сараптама қажет
Түркия мен Сириядағы дүлей дүмпу дүниені дүрліктірген тұста, сейсмикалық қауіп ошағында орналасқан алматылықтардың алаңдаушылық танытып отырғаны түсінікті жайт. Оның үстіне желіде желдей ескен жалған-шыны аралас ақпараттар мен «айғайлаған» тақырыптар онсыз да үрей билеген жұрттың жүйкесін титықтатқаны тағы бар. Миллиондар тоғысқан мегаполистің сейсмикалық ахуалы туралы сала мамандары не дейді? Расымен де, бір қауіптің белгісі байқала ма? Сақтық шараларының сапасы қандай?
Өнер • 13 Ақпан, 2023
Адам баласы бір сәт ойланбай жүре ала ма? Еш алаңсыз, қамсыз-мұңсыз деген жанның өзі әйтеуір бір ой құшағына сүңгімеуі мүмкін емес. «Әр кәллада бір қиял», әр кеудеде бір үміт. Сағыныш, өкініш, алаң, қиял, жабығу, сенім, арман бәрі-бәрі кеудеңді тыным бермей тепкілейді де жатады. Ең қызығы, ой әлемінде әркім жалғыз. Бәрінің тілегі – бақыт үшін күрес. Герман Титовтың кенептегі кейіпкерлері де сіз бен біз секілді өз бақыты үшін күресіп жүрген адамдар...
Поэзия • 13 Ақпан, 2023
Алматыда ақпан айын «Мұқағалитану» мерекесі дерсіз. Ақынның туған күнінен басталатын поэзия кештері мен әдеби жүздесулер наурыз айына дейін жалғасып жатады. Шаһардың орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты барлық білім ордаларында ақын рухын асқақтатқан ондаған шараның өтуі сөзімізге дәлел.
Қоғам • 13 Ақпан, 2023
Алматыда «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық ұйымының бастамасымен Сталинград майданының 80 жылдығына арналған тағзым іс-шарасы өтті. Панфиловшылар паркінде әскери шеру ұйымдастырылып, жиналғандар мәңгілік алау монументіне гүл шоқтарын қойды.
Әскер • 12 Ақпан, 2023
Ұрпақтар сабақтастығының тағылымы
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында ардагерлермен кездесті. Басқосуға Орталық кеңес мүшелері, «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалдарының төрағалары, ҰҚК Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның ардагерлер қоғамының өкілдері қатысты.
Сайлау • 12 Ақпан, 2023
Саяси науқаны жақындаған сайын, партиялардың белсенділігі арта түсті. Қоғам тынысын аңдасақ, пайым-пікір сан қилы. Сарапшылардың сөзінше, саяси сауаты салмақты азаматтар аралас сайлаудың артықшылығын жақсы түсінуге тиіс. Алматыдағы «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында бас қосқан мамандар аталған жүйенің негізгі міндеттері мен мүмкіндіктерін кеңінен талқылады.
Қоғам • 12 Ақпан, 2023
Әлеуметтік желінің әлеуетін пайдаланып, заманауи медиа мінберді рухани алаңға айналдыруға әбден болады. Желі ішінде «өмір сүретін» жеткіншектерге ұлттың ұлы тұлғалары туралы танымдық хабар ұсынып, поэзия байқауын, ән-күй сайыстарын өткізуге бастамашы болған Бейбіт Бөрі есімді азамат Америкада тұрады.
Мектеп • 09 Ақпан, 2023
Мақсат – «Абай мектебін» танымал ету
Хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында абайтанушылармен жүздескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз ана тіліміз бен төл әдебиетіміздің қадір-қасиетін балаларға мектеп жасынан бастап сіңіруіміз керек. Бұл бағытта бірыңғай ұстаным қажет. Осыған орай Алматыдағы Абай атындағы мектеп-интернаттың мүмкіндіктерін толық пайдаланған жөн. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын бұл мектептің оқу үдерісі басқа мектептерге үлгі болады деп ойлаймын. Оны заманауи талапқа сай жан-жақты жетілдіріп, «Абай мектебі» деп аталатын ең үздік білім ордасына айналдыру қажет» деген еді. Газетіміздің 11 қаңтар күнгі санына «Абай мектебі желісін дамытуға не кедергі?» деген мақала жарияланып, авторды тарихы терең білім ошағының болашағына қатысты кейбір мәселелер алаңдатқанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Мәселенің мән-жайына үңілу үшін Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының директоры Ержан ӨМІРХАНОВТЫ әңгімеге тартқан едік.