Қазақстан • 16 Қазан, 2020
Қай кезде де ұлт беделі таным мен тағылымды егіз өрген тұлғалармен тұғырлы. Халқының қасиет-қалыбын тереңнен зерделеп, ұрпаққа ұран еткен аға буынның жүріп өткен дара жолы кейінгілер үшін өлмес өнеге, айнымас қазық. Аяулы шаһар Алматы төрінде қазақ ғылымы мен руханиятының өркен жаюына қомақты үлес қосқан көрнекті ғалымдар Мекемтас Мырзахметұлы мен Оразақ Смағұлұлының 90 жасқа толуына арналған «Асыл адам айнымас» атты алқалы жиын өтті.
Саясат • 16 Қазан, 2020
Қоғамдық кеңестің қоғамдағы рөлі артады
Қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы рөлін айқындау – Қазақстан Президентінің Жолдауында баса айтылған тақырыптың бірі. Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің өкілдерімен дидарласқан Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева тақырыпқа тереңірек үңіліп, осы мақсатта туындайтын мәселелерді жүйелі жүзеге асырудың оңтайлы тәсілдері турасында пікір алмасты.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
Алматыда "Бюджетке қатысу" жобасы қалай жүзеге асып жатыр?
Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі "Бюджетке қатысу" жобасы аясында қала тұрғындарының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан нысандар бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Қазан, 2020
"Ішектің қабыну аурулары: виртуалды тәжірибе" IV Ұлттық форумы өтті
Өмір бойына жалғасатын аурулары бар пациенттердің SARS-COV-2 жұқтыру қаупі көпшілікті алаңдатады, ал амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттарға қажеттілік жайы бүгінде өте ауқымды тақырып екені белгілі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Қазан, 2020
Дәуір үнінде дала данышпандары
Евгений Сидоркин – Кеңес дәуірінің көрнекті суретшісі. Қылқаламдағы даралығы мен таланты, құштарлығы пен рухының күші оны шығармашылығы қазақ бейнелеу өнерінің әлемдік мәдениет шыңына көтерілуіне септігін тигізген танымал классик-шеберлердің қатарына қосты.
Технология • 12 Қазан, 2020
Тұрмыстық техниканың жаңа желісі дезинфекциялаудың тың тәсілін жүзеге асырды
Аталмыш құрылғының өзіндік алғашқы желісі бактериялар мен вирустардың 99%-дан астамын жоятыны анықталған (соның ішінде коронавирусты), деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Ару Алматыда күзгі ағаш егу науқаны қызып жатыр. Жас пен кәрі жасыл желекке оранған жазира қаланы гүлдендіруге өз еріктерімен үлес қосуда. Басты мақсат – қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру.
Абай • 12 Қазан, 2020
Абай мұрасы – мәңгілік тақырып
Қазақ қоғамы мен ғылымы үшін Абайдың рухани мұрасының маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Әсіресе хакім ұсынған қағидалардың тарих ғылымын дамытуға ықпалы зор. Осылай деген сарапшы ғалымдар Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Қазақстан тарихы Абайдың рухани мұрасы аясында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өз ойларын ортаға салды.
Аймақтар • 12 Қазан, 2020
Миллиондар тоғысқан Алматы – жастардың сүйікті қаласы. Асқақ арманын Алатауға таңып мұнда келетіндердің алдынан кесе-көлденеңдеп шығатын бас ауыртар басты тақырып – баспана мәселесі. Соңғы жылдардың жүзінде жүйелі жүзеге асып жатқан оңтайлы бағдарламалар талайлардың алыстағы арманын жақындатқаны рас.
Қоғам • 09 Қазан, 2020
Алматыда шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау үшін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте кәсіпкерлік нысандарының және жеке тұлғалардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.