Қазақстан • 03 Сәуір, 2020
42 500 теңге мөлшеріндегі төлемге өтініш беру үшін не істеу керек?
Елімізде МӘСҚ-тан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылған болатын. Аталмыш сервис Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ПӘ жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесе отырып Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініш берушілер үшін құрылды.
Руханият • 02 Сәуір, 2020
Тілендиев әндерін тебірене шырқады
Ғасырға жүк боларлық ғаламат туындыларымен қазақ өнеріне қомақты үлес қосқан ән мен күйдің алыбы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 1 сәуір күні 95 жыл толды. Осыған орай, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бастамасымен Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі және Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының солистері өнердегі әріптестеріне Нұрағаның әндерін орындаудан эстафета жолдады.
Руханият • 02 Сәуір, 2020
Жас суретшілердің республикалық байқауы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинның бастамасымен «Жануарлар – менің достарым» республикалық сурет байқауы бастау алды.
Қоғам • 02 Сәуір, 2020
Елімізде көлік бағыттарының онлайн картасы әзірленді
Бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте «COVID19» коронавирустық инфекциясын таратпау бағытында министрлік атқарып жатқан шаралар кеңінен сөз болды. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 02 Сәуір, 2020
Шағын және орта бизнеске арналған кредиттеу бағдарламасы басталды
Қазақстанның 12 банкі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын қолдап, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаржылық ахуалы төмендеген шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасын іске асыруға кірісті.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Алматыда коронавирустан жазылған бүлдіршін ауруханадан шықты
Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар сәбидің дертінен құлан таза айыққаны туралы бұған дейін айтқан едік. Бүлдіршін бүгін ауруханадан шықты. Сондай-ақ күні бүгін қаладағы инфекциялық стационарлардан COVID-19 расталған тағы да екі пациент сауығып, ауруханадан шығарылды.
Медицина • 01 Сәуір, 2020
Қайырымдылық қор балалар ауруханасына жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын сыйға тартты
«АЯЛА» қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасының аясында «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен Алматы қаласы Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына (БҚКЖАА) жалпы сомасы 71,8 млн теңгені құрайтын Humming Vue (Жапондық) екі жаңа жасанды өкпе вентиляциясы аппаратын COVID-19 ауруымен күресу мақсатында сыйға тартты.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Алматыда 12 індет ошағы тізімнен алынып тасталды
Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болған тұлғалардан коронавирус инфекциясына тән клиникалық симптомдардың белгісі болуы мүмкін деген мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты, төмендегі мекен жайлардағы 12 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды:
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Мемлекеттік қызметтің 608 түрін электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады
Қауіпті инфекциясының таралуын болдырмау үшін Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылғаны белгілі. Дегенмен мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу қолжетімді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» Алматы филиалы онлайн-кеңесшілердің санын арттырып отыр.
Аймақтар • 01 Сәуір, 2020
Алматыны дезинфекциялауға 600 мың литр ерітінді жұмсалған
Алматы әкімдігі карантин кезінде қанша дезинфекциялық ерітінді жұмсалғанын айтты. Төтенше жағдайдың бүгінге дейінгі кезеңінде қалада 600 мың литр ерітінді пайдаланылған.