Қоғам • 09 Сәуір, 2020
Алматының әкімшілік соты ТЖ режимін бұзуға қатысты 572 істі қарады
Бұл жөнінде қалалық әкімшілік соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Алматы: Қала ішінде себепсіз жүруге қатаң тыйым салынады
Карантин кезінде тұрғындардың қала ішінде мақсатсыз жүрмегені абзал. Алматылық тәртіп сақшылары қоғамдық көліктерді тоқтатып, жолаушылардың карантин режимі кезінде қала ішінде жүруіне рұқсат беретін анықтамаларының бар-жоғын тексеріп жатыр.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
«Жаңа Алатау қоры» есебінен 12 000 адам азық-түлік қоржынын алды
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мәлімдеді.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Бақытжан Сағынтаев: Қауіпті індеттің өршуіне жол бермеуіміз керек
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің инстаграм парақшасында коронавирус індетімен күрестегі маңызды кезеңнің бірі – әлеуетті науқастарды іздеу мен анықтауға белсенді кірісу екендігін жазды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Қазақстандықтар Kaspi Gold шотын үйде отырып аша алады
Төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік төлем шотын ашу үшін қазақстандықтар банктерде кезекке тұруда. Көпшілік қазіргі жағдайда мұның қауіпсіз еместігін түсінеді. Алайда шот нөмірі керек, сондықтан адамдар үйінен шығып, банк бөлімшесіне баруға мәжбүр.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Алматыда әскери-далалық госпиталь тұрғызылды
Алматы маңында әскери-далалық госпиталь тұрғызылды. Науқастарды қабылдау және диагностикалық бөлімшелер, дәріхана, операциялық блок пен жансақтау бөлімшесі бар аурухана 72 сағатта бой көтерген.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2020
Алматылық әскерилер Bizbirgemiz акциясын жалғады
Тұтас ел көлемінде қанат қаққан #Bizbirgemiz акциясына Алматылық әскери қызметшілер де ауқымды үлес қосуда. Қайырымдылық шарасын кезекті рет Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ұжымы жалғады. Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптарын таратты.
Қоғам • 08 Сәуір, 2020
АЛМАТЫ: «Желіні шулатқан жігіт полицияға бағынбаған»
Полиция қызметкерлерінің көлік жүргізушісіне қысым көрсетіп жатқанын бейнелеген бейнежазбаны желі қолданушыларының бірі өзінің facebook парақшасына жариялаған болатын. Бұған қатысты желіде қызу пікір білдірген азаматтар болған жайдың ақ-қарасын анықтауды талап еткен еді. Алматы полициясының баспасөз қызметі мәселенің мәнін түсіндірген болды.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2020
Алматы: Жүргізушілердің жалақысы қысқармайды
Алматыда барлық қоғамдық көліктердің тең жарымы ғана жұмыс істеп жатыр. Жолаушылар ағыны да 80 пайызға төмендеген. Осыған орай қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен метро қызметінде бүгінде барлығы 4 вагон ғана жұмыс істеп тұр. Олардың тазалық талаптарына сай болуы жіті бақылауда. Бұл туралы Алматы қалалық Мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телибаев мәлімдеді.
Қоғам • 08 Сәуір, 2020
«Теракт жасаймын!»: Алматылық оқушы елді дүрліктірді
Алматы қаласы Медеу ауданында 14 жастағы мектеп оқушысы теракт жасайтынын айтып, жұртты дүрліктірген. Бұл жөнінде Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.