Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1257 материал табылды

Аймақтар • 28 Наурыз, 2020

Алматыда қамқоршысы жоқ қариялар ыстық тамақпен қамтылды

Алматы қаласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету науқаны қарқынды жалғасып жатыр. Аты жаман індет әсіресе қарт адамдар үшін қатерлі болғандықтан, егде азаматтардың мейлінше үйден шықпағаны ләзім. Осыған орай  Nur Otan партиясы мен қала әкімдігінің өкілдері еріктілермен бірлесе отырып, мейірімге мұқтаж қарт кісілердің үйлеріне азық-түлік тауарларымен қатар ыстық тамақ апарып берді.

Қаржы • 27 Наурыз, 2020

Алматыда ақша айырбастау орындарының уақыты шектелді

Алматыда ақша айырбастау нүктелері кешкі сағат 16:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.  Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ақша айырбастау орындарының жұмыс уақыты мегаполисте коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында шектеліп отыр.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Қоғамдық қор мұқтаж жандарға бетперде үлестірді

Жақсылық жасау қоғамға ортақ борыш. Ал қысылтаяң сәтте қысылғанға қолдау таныту тіптен сауапты іс. Осы орайда «Аналарға көмек» және «Алатау аналары» қоғамдық қорлары бірлесіп көпке үлгі болар игі бастаманы қолға алды. Қор қызметкерлері медициналық бетперде тігіп, мұқтаж жандарға үлестіріп келеді.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Әскерилер қаланы зарарсыздандыруға жұмылдырылды

Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері қала көшелерін, ғимараттарды және қоғамдық орындарды зарарсыздандыру жұмыстарына ауқымды үлес қосып отыр. Мегаполисті індеттен арашалау ісіне Алматы гарнизонынан барлығы 2000-ға жуық әскери қызметші тартылған.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Алыпсатарлар адамдықтан аттамаса игі

«Сақтансаң – сақтайды» деген сөз бар. Әркім өзінің жақындарының амандығы үшін жан ұшырады. Ұл-қызының саулығын тілейді. Әдетте 30-40 теңгеге сау­даланатын медициналық бетперделердің төрт-бес есеге шарықтап кетуінің себебі неде? Әлбетте бұл – ұрымтал тұсты ұтымды пайдаланып, қаржыға қарық болсам деген алыпсатарлардың арзан пиғылы. Ел басына сын сағат төнгенде біреудің қайғысынан пайда іздеген пақырлар «бұл да сауда» дейтін шығар, бәлкім!? Қашанда адам баласын ізгілікке бейілдендіретін асыл дініміз де бұл істі құптамайды.

Тарих • 27 Наурыз, 2020

Бес баласын соғысқа аттандырған әулет

Біз Ұлы Жеңіс деп атайтын қасиетті күннің тасасында талайлардың кермек тағдыры жатыр. Қазақ жерінде боздағын майданға аттандырмаған әулет жоқ. Тұтқиылдан тұтанған соғыс өрті Шоқан молданың шаттығы мол шаңырағының да шырқын бұзды. Сайдың тасындай бес ұлын майдан даласына аттандырған қария хабарсыз кеткен қос перзентін өмірінің соңғы сәтіне дейін зарыға күткен.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Мамандардың еселі еңбегін бағалайық – Бақытжан Сағынтаев

Төтенше жағдай кезінде ел қауіпсіздігін қадағалап, таңнан кешке дейін жұмыста жүрген күштік құрылым өкілдері мен халық денсаулығы жолында жұмылған ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев  қазіргі уақытта дәл осы мамандық иелерінің еңбегін бағалау керектігін  өзінің Instagram парақшасында айрықша атап өтті.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады - Бақытжан Сағынтаев

Бүкіл әлем жұртшылығын үрей құшағына алған аты жаман індет белең алып барады. Елімізде денесін дерт дендегендердің саны күн сайын көбейіп келе жатыр. Өкініштісі, тұтас ел көлемінде төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жаппай карантин жарияланса да ағымдағы жағдайды ескермей, ауруға атүсті қарайтындар жоқ емес. Осыны назарға алған Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарына үндеу жариялады.

Қазақстан • 26 Наурыз, 2020

Ипотека төлемі 90 күнге шегерілді

Ұлттық банк халықтың қаржылық ахуалын жақсарту үшін «7-20-25» және «Баспана-хит» бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізді.

Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Қайырымдылық акциясы қанат қақты

Nur Otan партиясы карантин жарияланған Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына 150 млн теңге қаржы бөлгені белгілі. Бұл қаражаттың жартысы Алматы қаласына тиесілі. Партияның қолдауымен «Біз біргеміз» акциясы мегаполисте жүйелі түрде жалғасын тауып жатыр.