Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
Алматыда қайырымдылық шаралары жалғасып жатыр
Өткен аптада «Біз біргеміз» қорынан бөлінген 5 миллион медициналық бетперденің 2 миллионы Алматы қаласына жеткізілген болатын. Игі іске мұрындық болған «Нұр Отан» партиясының белсенділері қорғаныш құралын тарату ісінің жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2020
360 мың алматылық 42 500 теңге алды
Төтенше жағдайға байланысты азаматтардың кейбір санатына белгіленген 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек алуға 830 мыңнан астам Алматылық өтініш берген. Оның 360 мыңнан астамы аталмыш көмекті алып та үлгерген. Қалалықтарға берілетін қаржының жалпы сомасы 15 млрд 3 миллион теңгені құрап отыр.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2020
Мақпал әуен тыңдарманымен қауышады
Алматылық мәдениет ошақтары карантин кезінде онлайн концерттер өткізіп, жұртшылықты саф өнермен сусындатуға ауқымды үлес қосып жатыр. Осындай ұжымдардың бірі Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2020
Алматылықтарға таулы аумаққа бармау туралы ескерту жасалды
Соңғы екі күнде ауа райының күрт жылуына байланысты Алматы тауларында қар көшкіні қаупі артып отыр. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2020
Алматы әкімінің орынбасары орталық аурухана қызметкерлерімен жүздесті
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бейне-байланыс режімінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, сондай-ақ қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы мен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшылары, ОҚКА-ның бас дәрігері қатысты.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2020
Алматы: Блок-бекеттен шіреніп өткендер шідерленді
Есте болса, бірер күн бұрын ғаламтор желісінде әлдекімдердің Алматыдағы блок-бекеттен бірнеше көлікпен заңсыз өтіп бара жатқанын көрсеткен бейнеролик тараған еді. Кортеж ұйымдастырған азаматтар бұл бейнежазбаны өздері түсірген.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2020
«Almaty Birgemiz» қоры 23 мың адамға қаржылай көмек берді
Жаппай белең алған қауіпті індетке байланысты «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау үшін бірқатар кешенді шаралар легін қолға алғаны белгілі.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Алматы: 20 сәуірден бастап қандай кәсіпорындар жұмысқа кіріседі?
Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша, 20 сәуірден Алматы қаласындағы кәсіпорындардың жұмысы кезең-кезеңмен іске қосыла бастайды. Бұл ретте өнеркәсіптік кәсіпорындардың, құрылыс компанияларының, сондай-ақ алдын ала жазылу бойынша нотариустардың және Наурызбай ауданындағы ХҚКО бір бөлімшесінің (тек қана бизнеске қызмет көрсету үшін) қызметке кірісуіне рұқсат берілді.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
«Алматыдан Жамбылға, жеткіземін он мыңға»
Адам бар жерде айла бар. Жолаушыларды карантин аумағынан заңсыз тасымалдау әрекеті әлі де тыйылмай тұр. Алматылық Полиция департаментінің мамандары жолаушыларды қаладан Қазақстанның оңтүстік облыстарына жеткізбек болған жеке жүргізушілердің жолын кесті.
Аймақтар • 17 Сәуір, 2020
Алматы: Қаңғыбастар қайда кетті?
Алты құрлыққа ауыз салған алапат аждаһа айбарланып тұрған шақта, Алматы көшелерін кезген үйсіз-күйсіздер қайда кетті деген заңды сұрақ туындайды. Басқалар бала-шағасының қасында оқшауланып отырғанда, тіршілік тақтасынан түрлі жолмен тайғанап кеткен тағдыр иелері қауіптен қалай қорғанып жатыр?