Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1279 материал табылды

Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Алматы: Қаңғыбастар қайда кетті?

Алты құрлыққа ауыз салған алапат аждаһа айбарланып тұрған шақта, Алматы көшелерін кезген үйсіз-күйсіздер қайда кетті деген заңды сұрақ туындайды. Басқалар бала-шағасының қасында оқшауланып отырғанда, тіршілік тақтасынан түрлі жолмен тайғанап кеткен  тағдыр иелері қауіптен қалай қорғанып жатыр?

Өнер • 17 Сәуір, 2020

Тіршілік сырын көңіл көзімен көретіндер

Тіршілікті әнмен әлдиген алуан құстың үнін еш кедергісіз естідіңіз. Осы жолдарды да оп-оңай оқып отырсыз. Ендеше, қуаныңыз! Елімізде есту мен көру қабілетінен айырылған 18 мың адам өмір сүріп жатқанын білетін бе едіңіз? Ал әлемде ше... Дүрбелең дүниенің дүбірін естіп, мың бояуға шомылған баябан даланы көз жанарымен көре алмаса да жанымен түйсінетін жандар жетерлік. Олардың арасында дегдар өнердің бәсін бәрінен биік қоятындар аз емес.  

Коронавирус • 16 Сәуір, 2020

Алматы әкімінің қанынан коронавирус табылған жоқ

Қоғам қайраткерлерімен онлайн режимде дидарласқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шаһардағы коронавирустық инфекциямен күрес шаралары туралы айта келе, қаладағы барлық тәуекел топтарына ПЦР әдісімен жедел-тестілеу  басталатынын мәлімдеген еді.

Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Алматыда шілдеге дейін бұқаралық шаралар өтпейді

Бүгін таңертең Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала активімен тікелей желі арқылы байланысқа шығып, бірқатар мәселелер туралы ой бөліскенін бұған дейін хабарлаған едік. Онлайн режимде өткен жүздесуде әкім айтқан тағы бір мәселе  1 шілдеге дейін шаһарда мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынғандығы.

Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Алматы қалыпты өмірге қадам басуға дайын ба?

Әлемді әлекке салған індет, бізді де айналып өтпегені белгілі.  Тұтас елдің экономикасын  тұралатқан тажал, қаншама азаматты табысынан қағып, қаншасын дертке шалдықтырды. Бұл ретте ел экономикасының күретамырына баланатын Алматы қаласы да оңай соққы алған жоқ. Қазіргі уақытта қалада 300 мыңға жуық азамат  табысынан айырылды. Қалай болғанда да қиындықтар  артта қалатыны анық. Миллиондар тоғысқан мегаполис қайта еңсе тіктеп, қалыпты өмірге қадам басуға қаншалықты дайын? Алда қандай жоспарлар бар? Бұл жөнінде республиканың жетекші БАҚ өкілдерімен және қоғам қайраткерлерімен онлайн режимде дидарласқан Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бірқатар маңызды тақырыптарды қаузады.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Алматыда 13 аула мен 3 көшені су басты

Бұған дейін екі күн бойы толассыз жауған нөсер салдарынан алматыда сел қаупі туындағанын айтқан едік. Төтенше жағдайға жауапты мамандар осы тұрғыда нақты қандай іс-шаралар қолға алынғанын хабарлады.

Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Infoalmaty.kz порталына қалай тіркелеміз?

Алматыда кешегі күннен бастап карантин кезінде көлікпен қатынау рұқсаты берілген қала тұрғындары мен автокөлік тізімін жасау үшін infoalmaty.kz жаңа порталы іске қосылғаны белгілі. Бұл туралы арнайы брифинг барысында Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлаған болатын.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Алматыда жауған ақ жауын сел қаупін тудырды

Алматыда соңғы күндері толассыз жауған жаңбыр сел қаупін тудырып отыр. Нөсер салдарынан бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды. Осыған орай сақтық шаралары пысықталып, жағдай бақылауға алынған.

Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Тәртіпке бағынбағандар айыппұл арқалады

Алматының  әкімшілік соты төтенше жағдай режимін бұзуға қатысты бір тәулікте 93 істі қарады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес, шаһардың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тәртіпке бағынбаған бірқатар азаматтарға айыппұл арқалатқан. Соңғы екі аптада 10 адам әкімшілік қамауға алынса, 61 адамға айыппұл салынған. Сондай-ақ 22 тұрғынға ескерту жасалыпты.

Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Алпауыт ұжым коронавируспен күреске 1 млрд теңге бөлді

Kusto Group халықаралық компаниясы халықтың зардап шеккен және осал топтарына қолдау көрсету мақсатында #KustoHelp көмек көрсету қайырымдылық жобасына 1 млрд теңге бөлгенін хабарлады.