Коронавирус • 30 Сәуір, 2020
Алматыда індет жұқтырғандардың басым бөлігі 20-29 жас аралығындағылар
Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы соңғы жағдайларға қатысты мәлімдеді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
Алматы әкімінің орынбасары шаһардың бас дәрігерлерімен кеңес өткізді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бейне-конференциялық байланыс режімінде қалалық инфекциялық және провизиялық ауруханалардың бас дәрігерлерімен кеңес өткізді.
Қоғам • 30 Сәуір, 2020
Алматы полициясы мұқтаж жандарды қуантты
Қиын сәтте қысылғанға қолдау көрсету қоғамға ортақ парыз. Төтенше жағдай жарияланып, карантин күшіне енгелі бері Алматыда қайырымдылық шаралары үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Мұндай игі іске тек кәсіпкерлер мен қалталы азаматтар ғана емес, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар да ауқымды үлес қосып жатыр.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2020
Алматы: 215 індет ошағы шектеуден алынды
Алматыда COVID-19 инфекциясының 215 ошағы алынып тасталды. Оның 13-і соңғы тәулікте шектеуден алынған. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.
Аймақтар • 30 Сәуір, 2020
ТЖ кезінде ел автожолдарында 30 көліктік бекет тәулік бойы жұмыс істеуде
ИИДМ Көлік комитетінің көліктік бақылау органдарының өкілдері жұқпалы індеттің қауіптілігіне қарамастан республика автожолдарындағы 30 көліктік бақылау бекеттерінде, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сыртқы шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде сондай-ақ, карантиндік аймақтардың бақылау бекеттерінде тәулік бойы бақылау жүргізуде.
Қазақстан • 30 Сәуір, 2020
Ұлттық болмысты ұлықтаған кәсіпкер
Рүстем Ермекбайдың есімі өз кәсібін өрге дөңгелетіп, тыңнан түрен салған жас кәсіпкер ретінде жұртшылыққа жақсы таныс. Әсіресе, жастар ол негізін қалаған «Sabyrzhanayrin» деген атпен белгілі отандық киім брендін жылы қабылдады. Он сегіз жасында тарихи отанына оралған қандасымыз орда бұзар отызында білдей холдингтің тізгінін ұстап, алпыс азаматты жұмыспен қамтып отыр. Қатарластарына үздік үлгі көрсеткен Рүстем былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматы: 15 мың адам 42 500 теңгені өз еркімен қайтарды
Төтенше жағдай кезінде бірқатар санаттағы азаматтарды қолдау мақсатында тағайндалған 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді 416 мың алматылықтың алғанын бұған дейін хабарлаған едік.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
29 мыңға жуық Алматылық 50 мың теңге көлеміндегі көмекті екінші мәрте алады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған «Біргеміз» қоры жанынан құрылған «Алматы Біргеміз» жобасының қолдауымен бұған дейін әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 23 мың 472 алматылық 50 мың теңге көлемінде ақшалай көмек алғанын айтқан едік. Төтенше жағдай мерзімінің ұзартылғанына байланысты аталған көмек азаматтарға екінші мәрте беріліп жатыр.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматылық кәсіпкерлер аудиттен өту үшін қайда хабарласуы керек?
Президент жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласында азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникаларды жөндеу қызметіне жұмысқа кірісуге рұқсат берілгені белгілі.
Аймақтар • 29 Сәуір, 2020
Алматының әсем табиғаты ішкі туризмнің тынысын ашады
Карантин уақытында үйде отырған ел тұрғындары аты жаман індеттің өткен шақта қалуын, қалыпты өмірге тезірек қадам басуды тілеп отырғаны анық. Азаматтардың ес жиып, етек жиған соң жаңа сапарлар мен саяхаттар туралы да толғануы қалыпты нәрсе. Бірақ алыс шетелдер біз үшін кем дегенде күзге дейін қолжетімсіз, сондықтан жоспарларды тек қазақстандық ішкі туризмге қатысты құруға болатыны рас. Өз кезегінде осы маусымда ішкі туризмге үлкен сұраныс болатын тәрізді. Алдағы уақыттағы ішкі туристердің ағымын қалай еңсеруге болады және жыл сайын 4,5 миллионға дейін турист тартуға қабілетті, елдегі ең үлкен туристік әлеуеті бар Алматы тау кластері (АТК) биыл біздің отандастарымызға не ұсына алады? Осы және өзге де мәселелер туралы «Қазақ туризм» Ұлттық компаниясының Алматы өңіріндегі өкілдігінің және АТК Біріккен Жобалық Кеңсесінің басшысы Еркебұлан Хасеновті әңгімеге тартқан едік.