Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Ізгілік үшін марапатталды

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов ғылымға сіңірген айшықты еңбегі мен білім беру саласындағы халықаралық қатынасты дамытуға қосқан үлесі үшін Түркия Республикасының жоғары мемлекеттік наградасына ие болды. Түркия Парламентінің депутаты Метин Гюндогду Алматыда өткен әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ашылу салтанатында осы жаңалықты сүйіншілей жеткізді.

Әлем • 06 Ақпан, 2020

Сирияда Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады

Отандық жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сирия астанасы Дамаск қаласынан өз филиалын ашады. Бұл бастама Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты барысында айтылған болатын.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес өтті

Кеңеске мемлекеттік, құқық қорғау және әскери органдардың басшылары, судьялар корпусының өкілдері, мәслихат депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, медицина мекемелерінің басшылары, мектеп пен колледж директорлары қатысты.

Әдебиет • 06 Ақпан, 2020

Ыбырай ескерткішінің үздік жобасына байқау жарияланды

Алматы қаласының әкімдігі Ыбырай Алтынсарин ескерткішінің ең үздік жобасын жасағандарға республикалық ашық байқау жариялады.

Абай • 06 Ақпан, 2020

Алматыда Абай ескерткіші орнатылды

Қаланың айшықты жерінен орын алған хакімнің тағы да бір мүсіні Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды. 

Руханият • 06 Ақпан, 2020

Жауынгерлік Ту ел аймақтарын аралайды

Алматы қаласында алауын тұтатқан «Біз – Жеңіс­тің мұрагеріміз!» эстафетасы аясында әйгілі панфилов­шылар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшір­месі Ұлттық ұлан сарбаздарының қолына тапсырыл­ды. Жалынды жауынгерлердің көзіндей болған симво­ликалық мәні терең жәдігер 11 мың шақырымды артқа тастап, еліміздің барлық қалаларын шарлайтын болады. Айтулы рәсімнің Алматыдан бастау алғаны тегін емес. Өйткені 1941 жылы генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясы Алматыда жасақталған болатын.

Аймақтар • 05 Ақпан, 2020

Панфиловшылардың Жауынгерлік Туы ел аймақтарын аралайды

Алматыда алауын тұтатқан  «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы аясында әйгілі Панвиловшылар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі Ұлттық ұлан сарбаздарының қолына тапсырылды.

Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Алматы әкімі Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметін тексерді

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Халықты жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмек беруді рәсімдеу жұмысының қалай жүріп жатқанын тексерді. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Технология • 04 Ақпан, 2020

Тұрақты даму жолында

«Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті.

Қазақстан • 03 Ақпан, 2020

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы басталады

5 ақпан –  5 мамыр аралығында Ішкі істер министрі  Ерлан Тұрғымбаевтың шешімімен Ұлттық ұланда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы өтеді.