Коронавирус • 15 Маусым, 2020
Коронавирустың ағзаға әсері қандай?
Коронавирустың адам ағзасына әсері туралы тоқтамды пікірмен түйінделу оңайға соқпайын деп тұр. Сарапшылар "вирус адам ағзасын қанша күн бойы билеп – төстейді" деген мәселе тренд болып тұр. Әзірге зерттеу нәтижелері тоқтамды пікірге келуге мұрша берер емес. Алғашқы кезде оның әсері толқын-толқын тәрізді болады, құрбандар саны соған қарап анықталады деген болатын. Бұл пікірге Италиядағы, сонан соң АҚШ-тағы өлім-жітімнің көп болуы себеп болған. Соңғы зерттеулерде маусымаралық өзгерістерге байланысты індеттің де әсері өзгеріп отыратыны байқалып қалды. Әлемдік статистика 15 маусымға дейін 8 миллиондай адам дертті жұқтырды деп отыр. Қайтыс болғандардың саны – 433 930. Бұл деректерді Johns Hopkins University жариялап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Маусым, 2020
Қазақстандықтар қолма-қол ақшаны аз пайдаланады
"Ұлттық банктің мәліметі бойынша, осы жылдың алғашқы төрт айында халық қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы 8 трлн теңгеге жуық ақша жұмсаған", - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2020
БЖЗҚ инвестициялық кірістің өзгеруін түсіндірді
БЖЗҚ салымындағы өзгерістерге қатысты соңғы айларда әңгіме көбейіп кетті: "Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?" деген сұрақтар да бір сарынды. Салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатының мөлшері зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеледі және қайта есептеледі. Бұл инвестициялық кірістің өзгермелі болуымен және қысқа мерзімді перспективада жағымды да, теріс те бола алатындығына байланысты, - деп хабарлайды Egemen.kz БЖЗҚ сайтында жарияланған деректерге сілтеме жасап.
Экономика • 12 Маусым, 2020
Ұлыбритания қалталылардың салығын қайта қарап жатыр
Ұлыбританияның Қаржы министрлігі ірі жеке банктермен және активтерді басқару компанияларымен ауқатты азаматтар үшін салықты арттыру мүмкіндігін талқылауда, - деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Reuters мәлімдеді.
Экономика • 12 Маусым, 2020
Үкімет көлеңкелі экономикамен күресуге кірісті
"Қалай күреседі" деген сұраққа әлі ресми жауап берілген жоқ. Себебі, көлеңкелі экономика – метафора. Нарық тілінде сөйлетсек — бақылаудан шығып кеткен экономика. Қазақстанда көлеңкелі экономика 1991 мен 2015 жылдар арасында –38,8 пайызға жеткен. Тек 2015 жылдан дейін төмендеу байқалған, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қаржы • 12 Маусым, 2020
Цифрлы валюта көлеңкелі экономикадан құтқарады
Әңгіме қаржы нарығындағы технологиялар мен инновациялық даму тұжырымдамасының жобасы болғалы тұр. Ұсыныстың авторлары – Ұлттық банк пен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы. Қос бірдей қаржы институтының бұл мәселені кешіктірмеуге, мүмкіндік болса, жыл аяғына дейін қабылдауға мүдделі болуының салмақты себебі бар.
Экономика • 11 Маусым, 2020
ФРЖ пайыздық мөлшерлемелерді 0-0.25% шегінде қалдырды
Сарапшылар бұл шешім экономистер мен нарық қатысушыларының болжамдарынан алыс кетпегенін айтып жатыр. Демек алдағы бірер айда әлемдік валюталар, соның ішінде қазақ теңгесі бағамында да айтарлықтай өзгерістер бола қоймайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Маусым, 2020
Нидерланды банкі өзбек сомасында бағалы қағаздар шығарды
"Нидерланды Даму Банкі өзбек сомында 50 млн АҚШ долларына бағаланатын бағалы қағаздарды орналастырды. Жобаның серіктесі TCX қоры", - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Маусым, 2020
Иранда дайындалған сүт өнімдері Алматыға жетті
"Иран - сүт өндіру саласындағы аймақтық көшбасшы. Иранның сүт өнеркәсібі қауымдастығы елде жылына 7 миллион тонна сүт өндірілетіндігін хабарлады. Мемлекеттік саясат экспортты субсидиялар арқылы қолдауға бағытталған. 2019 жылы шамамен 770 миллион долларға 450 мың тонна, 2020 жылы 1 млрд АҚШ долларына сүт экспортталады", - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 10 Маусым, 2020
Ұлттық банк теңге неге нығайғанын түсіндірді
Бүгін Ұлттық банкте өткен онлайн жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова наурыздағы дағдарыс, сәуірдегі дүрбелең және мамыр айындағы бетбұрыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz