Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1935 материал табылды

Экономика • 01 Маусым, 2020

Теңге бағасы неге тұрақты болып тұр?

Мамыр айының қазақ теңгесіне көзқарасы оң болып тұр. Ай басталғалы бері теңгеміздің айы оңынан, жұлдызы солынан туып тұр. Сарапшылардың сөзімен айтқанда, анда-санда ОПЕК жақтан соққан желге болар-болмас түшкіріп қалғаны болмаса, теңгеміз бізді қуантып-ақ тұр. Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, қазақ теңгесі доллар бір долларға шаққанда 2,57 теңгеге қымбаттап, бір доллар үшін 408,98 теңгені құрады.

Экономика • 01 Маусым, 2020

ОПЕК + министрлерінің кездесуі 4 маусымда өтуі мүмкін

ОПЕК + министрлері кездесуді 4 маусымда өткізу мүмкіндігін талқылауда, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Әлем • 31 Мамыр, 2020

Қытайлық Tencent Еуропада төлем жүйесін іске қосты

«Қытайлық интернет-гигант Tencent Alibaba тобына тиесілі Alibay-мен бәсекелестікті кеңейту үшін дүйсенбіден бастап Еуропада WeChat Pay төлем жүйесін іске қосты», деп хабарлайды CNBC. WeChat - бұл ай сайынғы аудиториясы 938 миллион адамды құрайтын үлкен әлеуметтік желі, негізінен Қытайда және басқа да Азия елдерінде тарайды. «Сонымен бірге, 600 миллион адам ол арқылы төлемдерді пайдаланады, - деп жазады CNBC.

Экономика • 30 Мамыр, 2020

Тәуекел мен кіріс арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болады?

 Резиденттердің депозитарлық ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,1% төмендеп, 19 649,7 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 5,7% -ға 9 935,0 млрд теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 0,3% -ға 9 714,6 млрд  теңгеге дейін азайды. Бұл туралы  кеше Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Туризм индустриясы карантиннен кейінгі кезеңге бейімделіп жатыр

Карантин режімі туризм индустриясы өкілдеріне барынша үнемделікке бейімделуді үйретті.  Қазақстандық  туристік қауымдастығының президенті  Рашида Шайкенованың айтуынша, Алматы қаласында 341 қонақ үй, 143 жатақхана, 692 турагенттік бар. Қазір олардың біразы банкроттықтың алдында тұр.   Қауымдастық  өкілдері алдағы уақытта олардың қаншасының жұмысын жалғастыруға шамасы жететінін қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Әлем • 30 Мамыр, 2020

Франция науқастарға гидроксихлорокин тағайындауға тыйым салды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустық инфекцияны емдеудегі антималариальды гидроксилохиннің тиімділігін зерттеуді тоқтатқаннан кейін, Франция, Италия, Бельгия және Ұлыбританиядағы денсаулық саласына жауап беретін  институттар осы  препаратты COVID-19 емделушілерінде емдеуді тоқтатуға бұйрық берді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Экономика • 29 Мамыр, 2020

30-40 пайыздық өсімге қаржы пирамидалары ғана уәде береді

Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 5 мыңға жуық азамат биткоиндермен айналысатын инвестициялық компания – криптовалюта пирамидасының тұзағына түсіп қалды. Құқық қорғау орындары келтірілген зиян көлемі   37 млн ​​АҚШ доллары деп отыр. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев бүгін онлайн жиында қаржы пирамидасының негізгі белгілері туралы айтып берді.

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Жекеменшік білім беру ұйымдарының мәселесі талқыланды

Қазақстан баспасөз клубында Алматы қаласының 300-ден астам жеке білім беру ұйымдарының қатысуымен «Алматы қаласының жеке білім беру қызметін қайта бастаудың кедергілері» тақырыбында  онлайн режімде баспасөз жиыны өтті.

Сұхбат • 29 Мамыр, 2020

Досым СҮЛЕЕВ: «Дос-Мұқасан» тағдырыма әсер етті...

1970 жылдары «Дос-Мұқасанның» атағы жер жарып тұрғанын бүгінгі аға буын өкілдері жақсы біледі. Алайда Досым Сүлеев сол өнердің асқақ даңқын инемен құдық қазғандай мехнаты шексіз ғылым жолына айырбастауға шешім қабылдады. Ғылым мен өнер тәрізді бір-бірімен жолдары түйіспейтін қос саланы қос қанатына балаған ағамыз әңгіме барысында ғылымдағы жетістіктері, идеялары «Дос-Мұқасанның» көлеңкесінде қалса да, ешкімге ұқсамайтын тағдырына риза екенін айтады.

Қоғам • 28 Мамыр, 2020

«Қазпочта» өкілі шетелден сәлемдемелер алуға шектеулер жоқ екенін айтты

Соңғы айларда пандемияға қатысты ел ішінде және шет елдерден жеткізілетін сәлемдемелердің кешігетіні туралы пікір көбейіп кеткен болатын. Бүгін «Қазпочта» АҚ басшысы Сәкен Сәрсенов  Нұр-Сұлтанда өткен онлайн конференцияда  осы және басқа сұрақтарға жауап беруге тырысты.