Әлем • 11 Мамыр, 2020
ДДҰ коронавирусқа байланысты қосымшасын дайындап жатыр
ДДҰ ақпараттық қызметінің жетекшісі Бернардо Мариано бүгін түс ауа журналистермен кездескен кезде ұйым дерттің белгілері бағалау және вирус тасымалдаушылармен байланысын бақылау үшін қосымшаны әзірлеуді жоспарлап отырғанын айтты.
Қоғам • 11 Мамыр, 2020
Өзбекстан Қазақстанның су басқан аудандарынан құрылысшылар іздеуде
Өзбекстанның Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрлігі жанындағы Сыртқы көші-қон агенттігі (СКҚА) Қазақстанда жұмыс істеуге құрылысшылар іздеп жатыр. Қазақстанның Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында жұмыс істеу үшін сәулетшілер, ағаш ұсталары, монтажшылар, сылақшылар, бетон құю, кірпіш пен бетон плиталарын салу бойынша мамандар шақырылады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 11 Мамыр, 2020
Мұнай бағасы қырық құбылып тұр
Әлемдік нарықтардағы мұнай бағасы қырық құбылып тұр. Енді алдағы уақытта баға бұрынғыдай болмайтынын әлемдік қаржы институттары ескерте бастады. Араб елдері экономикасын әртараптандыруды осыдан бірер жыл бұрын бастап кетті. Тіпті БАЭ өткен аптада киноиндустрияда бағын сынамаққа ниетті екенін танытты.
Экономика • 11 Мамыр, 2020
Екі жыл ішінде (2018 жылдың наурызынан 2020 жылдың наурызына дейін) Aviva Investors басқарушы компаниясы басқаруындағы БЖЗҚ активтерінің кірістілігі 10,9% көбейді. Бұл туралы Ұлттық банкте өткен вебинар жиында белгілі болды.
Экономика • 11 Мамыр, 2020
Микроқаржы ұйымдары үшін капиталды ұлғайту талабы алты айға кейінге қалдырылды
Төтенше жағдайдың салдарынан микроқаржы ұйымдары қызметін тоқтатты және жарғылық капиталды уақтылы толтыра алмапты. «Агенттік микроқаржы ұйымдары үшін капиталға қойылатын талаптарды арттыру мерзімдерін 6 айға, 2020 жылдың 1 шілдесінен 2021 жылдың 1 қаңтарына ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бүгін өткен вебинар жиын барысында.
Экономика • 11 Мамыр, 2020
«Қазақстанның тұрақтылық Қорының» облигациялары KASE негізгі платформасына өтті
Қазақстан қор биржасы Листингтік комиссиясының шешімімен «7-20-25» тұрғын үй ипотекалық бағдарламасы операторы – «Қазақстанның тұрақтылық қорының» облигациялары KASE ресми тізімінің «негізгі» платформасына ауыстырылды.
Әлем • 11 Мамыр, 2020
Финляндияда тегін ақша тарату тәжірибесі сәтсіз аяқталды
Bloomberg басылымы бүгін Финляндияда шартсыз базалық табысты енгізу бойынша екі жылдық тәжірибе сәтсіз аяқталғанын хабарлады.
Аймақтар • 10 Мамыр, 2020
Eurasian Resources Group (ERG) Мақтааралға $5 млн қаражат бөлді
Су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы тұрғындарына көмек ретінде ERG $5 млн қаражат бөліп отыр. Қомақты қаржы тілсіз жаудан зардап шеккен өңірді қалпына келтіруге жұмсалады.
Экономика • 10 Мамыр, 2020
БЖЗҚ активтеріндегі шетелдік үлесті көбейту ұсынылды
«Қазақстанның макроэкономикалық иммунитеті» сараптамалық зерттеуінің авторлары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сыртқы активтерін шетелдіктердің қатысуымен ұлғайтуды ұсынып отыр. «Шетелге инвестициялау ішкі нарыққа қарағанда инвестициялардың жоғары кірісін қамтамасыз етуі керек», дейді баяндама авторлары.
Әлем • 09 Мамыр, 2020
CDC Қазақстанға 1,68 миллион доллар қаражат бөлді
АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығы (Center for Disease Control and Prevention, CDC) Орталық Азия елдерін халықты жаппай коронавирус тестінен өткізуге шақырды. CDC Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Дэниел Сингер 6 мамыр күнгі брифинг кезінде жаппай тестілеу өткізу арқылы ғана аурудың қаншалықты кең тарағанын көруге болады, сонымен бірге індет ошақтарын анықтауға болады деді.