Экономика • 15 Мамыр, 2020
Қазақстан теңгенің әлсіреуінен пайда көруі мүмкін
«Теңгенің нақты айырбас бағамының төмендеуі Қазақстанға экономиканы әртараптандыруға, сондай-ақ энергияның төмен бағасы жағдайында шикізаттық емес сектордағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жағдай жасай алады»,- дейді Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) экономисі Эрик Ливни.
Қоғам • 15 Мамыр, 2020
ЕАЭО елдерінде зейнетақы қалай есептеледі?
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің жұмысшыларының зейнетақысы туралы келісім күшіне енгеннен кейін, Одақ елдерінің жұмыс істейтін халқы өз отанында жұмыс өтілі үшін ғана емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердегі еңбек өтілі үшін де зейнетақы алады. Бұл жағдайда Келісім күшіне енгеннен кейін алынған тәжірибе ескерілетін болады. «Келісім барлық ЕАЭО елдері ратификациялау рәсімінен өткеннен кейін ғана күшіне енеді. 2021 жылдан кешіктірмей» деп атап өтті БЖЗҚ.
Экономика • 15 Мамыр, 2020
Орталық Азия елдерінің интеграциясы туралы үміт олардың мүмкіндіктеріне сәйкес келе ме?
Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдерінің коронакризистік жағдайдан шығудың бір нұсқасы ретінде аймақтық интеграцияны күшейтуді ұсынады. Олардың айтуынша, бес мемлекеттің бұл үшін бірқатар артықшылықтары бар: аумақтық жақындасу, жеңілдетілген логистика, мүдде ортақтығы және бір-бірін азық-түлік және шикізат емес тауарлармен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Бірақ бәрі айтуға ғана оңай екені түсінікті.
Сұхбат • 15 Мамыр, 2020
Асанәлі ӘШІМОВ: «Бекежан-Асанәлі қартайса, Төлегендерді кім ширықтырады?»
Жанқадай «таланттар» су бетінде қалықтап өмір сүріп жүрген кезде, киелі өнер-өмірдің текті болмысын қайтару үшін, қайта атқа қонғысы келетін үркердей топтың басында Асанәлі аға барын бұрыннан сезетінбіз. Әңгіме барысында кинодағы тарихты өзінен бастағысы келетіндер «Шәкен кім? Қожықов кім?» деген соң, армандап, жанын жауратпай жүрген кейіпкерлері өнердің тұнығын лайлап жатқан дүлей диірменге түсіп, өзін адастырып кеткеніне жаны жабырқайтынын жасыра алмады. «Кинодағы сұлулық пен тазалық мемлекеттік деңгейде талқыланатын мәселе екенін, экранның қоқысқа толып кеткенін, жалғаса берсе қарынның ғана қамын ойлап, табақ пен ішті босатумен шектеліп қалатын дәлдүріш ұрпақты қалыптастыратынымызды» сары майдан қыл суырғандай тігісін жатқызып отырып жеткізіп берді...
Экономика • 14 Мамыр, 2020
ОПЕК мұнайға байланысты болжамын жаңартты
ОПЕК мұнай нарығы бойынша айлық есебін жариялады.
Экономика • 14 Мамыр, 2020
АҚШ Федералды резерві теріс мөлшерлеме енгізуді жоспарламайды
«АҚШ-тың орталық банкі ретінде қызмет ететін Федералды резервтік жүйесі теріс базалық пайыздық мөлшерлемені енгізбейді және бұл мәселені де қарастырмайды. Бұл туралы сәрсенбі күні Вашингтондағы Дүниежүзілік экономика институтының ұйымдастыруымен өткен бейнеконференцияда сөйлеген федерация төрағасы Джером Пауэлл мәлімдеді», деп хабарлайды ТАСС.
Экономика • 14 Мамыр, 2020
ФРЖ банктердің дағдарысқа қарсы жоспарларының мерзімдерін ұзартты
Бүгін АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі (FED) және депозиттерді сақтандыру корпорациясы (FDIC) COVID-19 коронавирустық пандемиядан туындаған қиындықтарға байланысты банктерге дағдарысқа қарсы жоспарлар дайындауға қосымша уақыт бергенін хабарлады.
Әлем • 13 Мамыр, 2020
Өзбекстан мемлекеттің банк секторынан шығуын жеделдетеді
Бұл президенттің 2020-2025 жылдарға арналған республиканың банк жүйесін реформалау стратегиясы туралы жарлығымен қарастырылған.
Әлем • 13 Мамыр, 2020
Ресейдегі өзбектерге бір реттік жәрдемақы беріледі
Күні кеше ғана Мақтааралдағы ағайынға 5 млн АҚШ доллар бөлген ресейлік ұлты өзбек кәсіпкер Әлішер Усманов бүгін Ресейде жұмыс істеп жүрген ағайындарына қол ұшын созған өзбек кәсіпкерлерінің бірі болды.
Экономика • 13 Мамыр, 2020
Коронадағдарыс: Қазақстанның қолма-қол ақшасыз экономикаға өтуін тездетеді
Наурызда билік органдарының COVID-19-ға қарсы күрестегі қатаң шаралары, соның ішінде сауда желілерін, бизнес орталықтарын және көшедегі көлік қозғалысын шектеу Қазақстанның қолма-қол ақшасыз экономикаға өтуін едәуір жеделдетті.